Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда блогерлерге жаңа шектеу енгізілді

Қытайда блогерлерге жаңа шектеу енгізілді

Фото: pixabay.com
Қытайда кәсіби білім мен сараптаманы талап ететін тақырыптарда жазатын блогерлердің қызметін шектейтін жаңа заң күшіне енді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы IOL агенттігіне сілтеме жасап.
Енді медицина, құқық, қаржы және білім салаларында жазба жариялайтын авторлар тиісті білімі бар екенін ресми түрде растауы тиіс. Бұл талаптың орындалуын онлайн-платформалар бақылайды.
Сонымен қатар блогерлер ғылыми дереккөздерді нақты көрсетуге және жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті арнайы белгілеуге міндеттелді.
Медициналық кеңес беру комиссиясы да медициналық қызметтер мен биологиялық қоспаларды, сондай-ақ «сауықтыру өнімдерін» жарнамалауға тыйым салды. Бұл - білім беру контенті түрінде жасырын жарнаманың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған шара.
Билік өкілдерінің пікірінше, жаңа ереже жалған ақпараттың таралуын азайтып, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Алайда сыншылар бұл заң Қытайдың интернет кеңістігіндегі сөз бостандығына айтарлықтай шектеу қоюы мүмкін деп санайды.
29 қазан 2025 ж. 165 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031