Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ветеринариялық қауіпсіздік мал ұрлығын болдырмайды

Ветеринариялық қауіпсіздік мал ұрлығын болдырмайды

Қазалы ауданы бойынша мал ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында мал сою алаңдарына әкелінген ауыл шаруашылығы жануарларының ветеринариялық құжаттарының болуы шарт. Ішкі сауда орындар дүкендерге сатылымға түскен ет өнімдерінің ілеспе құжаттарының дұрыстығын бақылау үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор бекітіліп, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес күнделікті бақылау жүргізілуде.
Жануарлардан алынатын өнімдерді республика ішілік тасымалдау ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің «Ветеринариялық құжаттар беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сай тиісті әкімшілік бірлік аумағындағы жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар беретін ілеспе құжаттарымен тасымалданады. №1 үлгі бойынша тірі жануарларды тасымалдау, №2 үлгімен жануарлардан алынатын өнімдерге ет, сүт, жұмыртқа, балық, ара балы, сондай-ақ, №3 үлгіге – жануарлардан алынатын шикізатқа тері, жүн, жем-шөп, өңделмеген мүйіз, тұяқ, былғары тағы басқалары жатады.
Ел заңнамасына орай ауыл шаруашылығы жануарларынан алынатын өнімдерін сатуды арнаулы ішкі сауда обьектілерінде жүзеге асырылады. Белгіленбеген орындарда және ветеринариялық құжатсыз жануарлардан алынатын өнімдерді сатуға тыйым салынады. Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Іс-шаралар барысында жыл басынан бері ветеринариялық ілеспе құжатсыз мал тасымалдаған 4 жеке тұлғаға айыппұл салынды.
Осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін, ауылшаруашылғы жануарларын және өнімдерін тасымалдау кезінде ветеринариялық ілеспе құжаттарымен тасымалдануы қажеттігін тұрғындар ескерсе құба құп.

Аманғали ІДІРІС,
Қазалы аудандық аумақтық
инспекциясының бас маманы
05 шілде 2022 ж. 302 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930