Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен ауылшаруашылық кластерін құрады

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен ауылшаруашылық кластерін құрады

Қазақстанмен Өзбекстанның шекаралық аймақтарында бірнеше бірлескен ауылшаруашылық кластері құрылады
Фото: pixabay.com
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өндірістен шыққан дайын тауарлар Қытай мен Таяу шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің нарығына экспортталады. Көрші мемлекеттер өндірістік салада құны 221 млн доллардан асатын 13 бірлескен жобаны жүзеге асырып, нәтижесінде 4800 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жалпы екі ел арасында 80-нен астам бірлескен жобаны іске асыру мақсаты тұр. Қазақстан мен Өзбекстанның өзара сауда-саттық көрсеткіші былтыр 4,1 млрд доллар болса, биыл 8 айда 3 млрдтан асып, 18,5 пайыз өсім көрсетті. Әсіресе Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдеріне Өзбекстанда сұраныс жоғары. Бидай мен ұн, күнбағыс майы, ет, кондитерлік өнімдер жергілікті нарықта брендке айналған. Көрші елдегі демографиялық өсімді ескерсек, ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын арта берері анық.
Біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Жоспар: екі елдің өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу. Бұл қолымыздан келеді. Көрші мемлекеттер арасында құрылатын біріккен индустриалды коперациялар сол мақсаттарғажетуге серпін береді. Әлбетте байланысты тереңдету үшін кедергілер алып тасталуы тиіс. Осы тұрғыда фитосанитария мен ветеринария салаларын ретке келтіру мәселесі қарастырылып отыр. Жалпы Қазақстан мен Өзбекстанның 80 нен астам ортақ бастамалар пулы бекітілді. Ол өндіріс, көлік-логистика, энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды, — дейді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.Екі елдің ауылшаруашылық саласында көптеген біріккен жобалар іске асып жатыр. Алдағы уақытта кластер құру идеясын жүзеге асырмақпыз. Биыл өңірде құрғақшылық болды. Өзара түсіністіктің арқасында су мәселесі оң шешімін тапты, — деді Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрі Иброхим Абдурахмонов.
28 қазан 2025 ж. 131 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031