Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда кешкі мектептің есепшісі сотталды

Қазалыда кешкі мектептің есепшісі сотталды

Қазалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1) тармағымен айыпталған, О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғаны, сотталушы О. "Қазалы ауданының білім бөлімінің жалпы білім беретін кешкі мектебі" КММ есепшісі қызметінде жүріп 2017 жылдың қаңтар айы мен 2018 жылдың ақпан айының аралығында өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, оған сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу арқылы барлығы 2 472 700 теңгені жеке карт шотына аударып алған. Мемлекетке келтірілген зиян мөлшері 2 472 700 теңгені құрады.
Сот мәжілісінде, сотталушы О. өзінің кінәсін толық мойындап, аталған іс әрекетіне өкінетіндігін айтты.
Сот үкімімен, сотталушы О. ҚР ҚК-нің 189- бабының 3- бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, ҚР ҚК-нің 63 бабына сай жаза шартты деп есептеліп оған 5 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
12 маусым 2018 ж. 1 036 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930