Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіні өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

Есірткіні өткізу фактісі бойынша үкім жарияланды

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297- бабының 1 –бөлігімен айыпталған Р.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Сот мәжілісінде анықталғандай, сотталушы Р. өз үйінің ауласында азамат Ғ.-ға 5 000 теңгеге заңсыз сақтаған 2 дана қағаз орамындағы салмақтары тиісінше 1,77 грамм есірткі заты болып табылатын кептірілген марихуананы заңсыз өткізген.
Басты сот талқылауында сотталушы Р.-ның айыбы, өзінің кінәсін толық мойындап берген жауабы, куәлардың жауаптары, сараптама қорытындыларымен, істегі жинақталған басқа да құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.
Сот үкімімен сотталушы Р. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 -бабының 1 -бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлігін тәркілеп, оны 6 жылға бас бостандығынан айырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуі белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 554 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 59

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031