Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Қазалы аудандық сотында сотталушы Ж. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Ж. бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен, бөтен мүлікке құқықты иемденіп ірі мөлшерде жымқыру мақсатында, жәбірленуші Д-ның жеке куәлік көшірмесін өзімен бірге алып барып, Қазпошта мекемесінің бөлім басшысы Ж-ға көрсетіп, «анам еді, анамның көзі көрмейді, жүре алмайды, сондықтан анамның есеп-шотындағы 3 403 500 теңгенің, 2 369 465 теңгесін аламын, қалған 1 000 000 теңгесі қала берсін» деп алдап, алаяқтық жолмен Д-ға 2 369 465 теңге ірі мөлшерде зиян келтірген.
Сотталушы сотта тағылған айыпты толығымен мойындады.
Сот мәжілісінде жәбірленуші сотталушымен татуласып, оған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаны тағайындауды сұрады.
Сот Ж-ны ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты түрде деп есептелді.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
04 желтоқсан 2017 ж. 2 708 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 54

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031