Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация тәртібімен ұрлық жөніндегі қылмыстық іс қысқартылды

Медиация тәртібімен ұрлық жөніндегі қылмыстық іс қысқартылды

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған К. мен Н.-нің қылмыстық ісі қаралды.
Сотталушылар К. мен Н. бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша локомотив жөндеу зауытынан 5 дана тепловоз аккумуляторын жасырын жымқырып, зауытқа 187 000 теңге мүліктік зиян келтірген.
Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.
Сот отырысында сотталушылар кінәларын толық мойындап, әрекеттеріне өкінетіндігін, келтірілген шығынды толық өтегендерін жеткізіп, соттан істі тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188- бабының 2- бөлігі 1-тармағымен айыпталған К. мен Н.-ға қатысты қылмыстық ісі ҚР ҚК-нің 68- бабы 1-бөлігімен, жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медиация тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, өндірістен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі

25 сәуір 2018 ж. 1 644 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 128

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31