Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер еріктілердің қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Мемлекеттік қызметшілер еріктілердің қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен жиында мемлекеттік қызметшілер еріктілердің қызметін дамыту мәселелерін талқылады.
Талқылауға Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері мен Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк қатысты.
Талқылау барысында МҚІА аумақтық департаменттері жанынан еріктілер болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің қызметін үйлестіретін Еріктілер кеңестері құрылғаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, еріктілер бастамалары мемлекеттік қызметшілер арасында танымалдылыққа ие болып, олар жұмыстан бос уақытында білім беруден қоршаған ортаны қорғауға дейінгі өмірдің түрлі салаларындағы еріктілер қызметі бойынша бастамаларға белсенді түрде қатысуда.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы еріктілер қозғалысына үлкен серпін беру мақсатында Еріктілер кеңесінің жұмысын өзектендіру туралы шешім қабылданды. Енді жергілікті жерлерде кеңестер еріктілер – мемлекеттік қызметшілердің жұмысын үйлестірумен қатар, еріктілер – мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсететін алқалы орган болады.
Сондай-ақ қатысушылар еріктілік мемлекеттік қызмет имиджінің маңызды бөлігі екенін және ол мемлекеттік қызметшілердің жеке дамуына, жаңа білім мен дағдыларды игеруіне қажетті жағдайлар жасайтындығын айтты. Осыған байланысты, алаңда еріктілер болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу тетіктерін пысықтау мәселелері талқыланды.
21 маусым 2023 ж. 104 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 86

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 136

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031