Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік жүргізуші анықталды

Үздік жүргізуші анықталды

Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің 18-30 жас аралығындағы жастары арасында аудандық «Үздік жүргізуші» байқауы өтті.
Жастарды тіл тазалығын сақтауға, ана тілін құрметтеуге баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту, таланттарды табу, көркем шығармашылыққа және мәдени шараларды жүргізушілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 14 талапкер қатысып, бақ сынады. Байқау талаптары бойынша талапкерлердің көркі мен сыр-сымбаты сахнамен үйлесім тауып, олардың сахнаға шығуы, жарасымды қимыл-қозғалысы, сахнаны меңгеруіне ерекше көңіл бөлінді.Сонымен қатар талапкердің сөйлеу мәдениетіне, мәнерлеп оқуы мен дауыс ырғағына назар аударылды.
Байқауға қатысушылар төмендегі үш шарт бойынша сынға түсті.
- Байқауға қатысатын талапкердің киіп шығатын киім үлгісі сахнада музыка әуенімен жүріп көрсетуі
- Монолог оқу (драмалық, прозалық, поэзиялық шығармалардың кез-келгенінен өз таңдауы бойынша)
- Шығармашылық тапсырма. Қазылар алқасы тосыннан түрлі тақырыпта әзірленген сценарийлерден үзінділер ұсынып, оны жүргізу қабілетіне назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені №93 мектеп қызметкері Бақыт Назгүл, І орынды №103 мектептің қызметкері Ержігітова Жанат иеленсе, ІІ орынды №216 мектептің қызметкері Нарекеев Болат пен №25 мектептің қызметкері Жолбосынова Айман, ІІІ орынды №70 мектептің қызметкері Әлимева Рабиға мен «Алпамыс» балабақшасының қызметкері Тәңірбергенова Меруерт өзара бөлісті.
Байқау жеңімпаздарына аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтары табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
23 мамыр 2018 ж. 2 569 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 137

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 124

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30