Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ болады. Қазгидромет 21 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желі, таңетең және күндіз облыстың солтүтсік-жартысында екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с.

Ұлытау облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар, күндіз облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ болады

Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман сақталады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, бұрқасын соғады

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 21-22 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

#ауа райы #Қазгидромет
21 желтоқсан 2022 ж. 317 0

Берекелі жәрмеңке

29 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031