9 облыста ескерту жарияланды
Қазгидромет күн райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 облысында ескерту жариялады.
19 желтоқсанда Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
19 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
19 желтоқсанда Түркістан облысыныңоңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
19 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
19 желтоқсанда Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
19 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с.
Ақтөбе қаласында 19 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.
19 желтоқсанда күндіз батысында, солтүстігінде Павлодар облысының жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар қаласында19 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.
19 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз 19 желтоқсанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 екпіні 23-28 м/с күтіледі.