Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.Қазгидромет 28 қазан күні бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с солтүстік-батыс желі күтіледі. Алматы қ.: 28 қазан түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астана қаласында түнде тұман, көктайғақ болжанады.
28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысыныңоңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с сақталады.
28 қазан 2022 ж. 161 1

Maura от 29 наурыз 2023 21:43
Hey, If you create content that lacks ranking on Top 10 result of Google then It's Your fault. With the arrival ChatGPT lot's of blogger & webmasters are jumping into the Free content that ChatGPT is generating for them BUT Most of them fail to rank their pages on Google. This Tool (Available as Life Time Deal at 1 Time price) have helped us optimizing our content that are now ranking and bragging us top 10 spots on google for most of our websites. Have a sneak peak how this thing works >>> https://bit.ly/neuronwriterx I would definately recommend this deal because it's #1 Swiss knife for onpage optmization for any content that ranks on top 3 spot. Cheers Willi B 87 Rocky Street, MI 97887 ===== Click here to Unsubscribe

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды