Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыры терең мектебім

Тамыры терең мектебім

Қызылорда қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінде 5 желтоқсан күні «Тамыры терең мектебім» тақырыбында мектептің іргетасының қаланғанына 60 жыл толуына орай салтанатты іс-шара болып өтті.
Салтанатты жиында мектептің 60 жылдық мерейтойымен қатар Әлия есімінің берілгеніне 30 жыл толуына байланысты Әлия атындағы ерлік кабинетінің ашылу рәсімі жүргізілді. Қалалық білім бөлімінің бас маманы Қуанышбайұлы Нұржан, Қалалық кәсіподақ төрайымы Алимбетова Орынша Мыржахиповна кабинеттің ашылу салтанатының лентасын қиып, ізгі тілектерін білдірді.
Одан әрі мектептегі арнайы жабдықталған қыздарға, ер балаларға арналған технология кабинеттерімен, оқуға құштар жобасымен, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстарымен танысып өтті. Оқушылардың қолөнер бұйымдарын жасаудағы іскерліктерін, оқушылардың кітап оқуға құштарлығын, өзін-өзі басқару жұмысындағы оқушылардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына ризашылықтарын білдірді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі мен тарих пәні бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тамыры терең мектебім» тақырыбындағы әдеби-сазды кешке қатысты. Кеш барысында келген қонақтар мен ұстаздар, оқушылар мектеп тарихымен танысып, оқушылар мен ұстаздардың өнерлерін тамашалады.
Кеш соңында мектеп директоры Г. Конырбаева сөз алып, бүгінгі күннің ерекшелігіне тоқталып, ұстаздар мен қонақтарға өз алғысын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
05 желтоқсан 2022 ж. 465 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930