Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүз жолдың бірі – сенікі

Жүз жолдың бірі – сенікі

Осындай тақырыпта Қазалы қаласындағы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінде түрлі мамандық иелерімен кездесу кеші өтті.

Мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ләйла Дәстенованың ұйымдастыруымен өткен шарада мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар берілді. Шәкірттерге әр мамандық иесі өз кәсібінің қыры мен сырын айтып, қызығы мен қиындығы туралы сөз қозғады.

– Біздің мақсатымыз – оқушылардың мамандық таңдай алуына аз да болса үлес қосу. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттердің әрқайсысы өмірден өз орнын адаспай тапса дейміз. Осы орайда өз мамандығын терең меңгеріп, үлгілі ісімен қоғамдағы орнын қалыптастырған жандардың басын құрап, ақыл-кеңес, ой-пікірлерін білгенді жөн көрдік, – дейді мектеп директоры Оңталап Маханбетов.
Кездесу кешінде аудандық білім бөлімінен келген IT маман Алтынкүл Келмағамбетова, ардагер ұстаз Деменбай Әмірашұлы, қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Әбілхайыр Ибраимов, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің қосымша білім беру маманы Ғалия Нұрсейтова, энергетика саласының маманы Серік Айтжанов, «Сыр маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технологиялық және жабдықтар бөлімінің маманы Жандос Тойбазар, ветеринария саласының мамандары Нұрбек Нұрадин пен Қияш Жұбай, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің дәнекерлеуші маманы Әділжан Піржанов, көлік жөндеуші Алтынбек Қорғанбаев оқушылар мен ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Кеш барысында мамандықтар әлемі туралы көрсетілген бейнеролик пен слайдтар тақырып мазмұнын аша түсті. «Бос микрофон» айдарында бітіруші түлектер «ЖОО-на түсуге өз күшіңізге сенесіз бе?», «Болашақ мамандығыңыз жайлы кіммен ақылдастыңыз?», «Мамандық таңдауда жалақысына қарайсыз ба? әлде жүрек қалауына жүгінесіз бе?», тағы басқа көптеген сұрақ төңірегінде пікір білдірді.
– Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болғым келеді. Ата-анам бұл ойымды құптады. Алдағы сынаққа дайындық үстіндемін. Ұстаздарым мен ата-анамның үмітін ақтап, дүниенің кетігін тауып, кірпіш болып қалану басты мақсатым. Мамандықтың бәрі жақсы, тек әркім жүрегі қалаған істі жауапкершілікпен атқара алуы керек деп ойлаймын, – дейді 11 сынып оқушысы Ерлан Жұмахан.
Шара кезінде қалалық мәдениет үйінің әншісі Асылбек Көшербай, ұстаздықпен қоса әншілікті жанына серік еткен Ғалия Нұрсейтова, №95 мектептің ән-әуез пәнінің мұгалімдері Еркін Құдабаев, Бауыржан Қауымбай әуелете ән салып, күмбірлете күй шертіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешті қорытындылаған мектеп директоры О.Маханбетов қонақтарға алғыс білдіре отырып, бітіруші түлектердің қадамына сәттілік тіледі.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

24 желтоқсан 2019 ж. 2 334 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930