Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – тұғырым

Тәуелсіздік – тұғырым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай аудандық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты тарихи-сазды кеш болып өтті.
Айтулы шараға тіл жанашырлары, «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері, бастауыш ұйымдарының өкілдері, балабақша тәрбиешілері, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.
Әйтеке би кенттік клубында шараға жиналған қауымды Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі басшысы Әліби Берікұлы алда келе жатқан қасиетті де қастерлі ұлы мереке – Тәуелсіздік күнімен және «Қазақ тілі» қоғамының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, сөз сөйледі.
«Қазақ тілі» қоғамы - ұлттың тілі мен мәдениетін, әдебиетін және салт-дәстүрін сақтап оны одан әрі дамытуға ерекше атсалысып келе жатқан бірлестіктердің бірі.
Кеште сөз алған аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Айберген Жүсіпұлы қоғамның көптеген ауқымды істерге мұрындық болып, облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктермен, олардың жанындағы тілдерді дамыту құрылымдарымен, сондай-ақ, жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесе тығыз қарым-қатынаста атқарған жұмыстарын тілге тиек етті.
Салтанатты тарихи-сазды кеште ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Абиев №182 мектептің директоры Таңмамбетов Жетібай Сұлтанұлына ІІ дәрежелі «Қазақ тілі» медалін, аудандық пошта байланыс торабының бастауыш ұйым төрайымы Шманова Әлияш Жалмаханқызы мен «Евразия-пресс» ЖШС аудандық филиалының бастауыш ұйым төрайымы Аймағанбетова Гүлсім Ақжігітқызына «Абай аманаты» төсбелгісін табыстады.
Бірқатар тіл жанашырлары республикалық «Қазақ тілі» қоғамының «Құрмет грамотасымен», облыстық, аудандық тіл қоғамы басшыларының «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

08 желтоқсан 2019 ж. 1 303 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930