Статистика қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Жыл сайын 8 қарашада Қазақстанның статистика саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық статистика бөлімінің қызметкерлерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Басқосуда аудан әкімі сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
– Ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың еңбегі орасан. Статистика белгілі бір көрсеткіштердің айнасы болып қана қоймай, шешім шығару үшін де маңызды рөл атқарып келеді. Құрметті сала қызметкерлері, қадірлі сала ардагерлері еліміздің экономикасының артуына, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына қашанда үлес қосып келе жатқан Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Ұжымдарыңызда береке-бірлік, отбасыларыңызда тек қуаныш болсын, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң аудандық статистика бөлімінің басшысы Бақытжан Әлімбайға «Құттықтау хат» тапсырылды. Сонымен қатар статистика саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Шара барысында сала ардагерлері Есіркеп Нұр, Жәмет Жұмамұрат аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Айта кетейік, еліміздегі атаулы күннің тарихы сонау 1920 жылы 8 қарашадан басталған. Қазақ үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «Мемлекеттік статистика туралы ережені» қабылдағандықтан, осы күн еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде белгіленіп, кәсіби мерекелердің қатарына енді.

Абзал БАҚЫТҰЛЫ