Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала мамандары марапатталды

Сала мамандары марапатталды

Елімізде жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде – ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді.Жұма күні мерекеге орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сала қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.
– Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгінде ауданның ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Биыл орын алған қиындықтарға қарамастан, алға қойылған міндеттер толығымен орындалды деп айтуға толық негіз бар.
Аудан егін жинау науқанын ойдағыдай өткізіп, диқандардың қажырлы еңбегінің арқасында ел қамбасына 29,5 мың тоннадан астам астық құйылып, 15,5 мың тоннаға жуық бау-бақша өнімдері жиналды.
Көктемдегі құрғақшылық пен Сырдария өзеніндегі су тапшылығына қарамастан қазалылық диқандар күріштің әр гектарынан 44,9 центнерден өнім жинап алды. Бұл – осы жерде отырған азаматтардың және ауылдағы қарапайым жұмысшылардың арқасы. Осы еңбектеріңіз үшін мен алғысымды айтқым келеді, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Аудан басшысы тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қызметкерлері де кәсіби мерекелерін атап өтетіндігін жеткізді.
Бұл сала қызметкерлерінің аудан экономикасының өсіп-өркендеуіне қосар үлесі ұшан теңіз. Мәселен, үстіміздегі жылдың 10 айында ауданда 14 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілсе, оның 12 миллиард теңгесі немесе 85 проценті өңдеу өнеркәсібінің үлесінде.
Ауданда алыс-жақын шет елдерге тамақ өнімдерін жөнелтетін кәсіпкерлер де бар. Атап айтқанда, «СПК Қызылорда балық» ЖШС мен жеке кәсіпкер Төребек Игіліков Еуропаның бірнеше елдеріне балық өнімдерін жөнелтсе, «РЗА – Агро», «Сыр маржаны» ЖШС мен жеке кәсіпкер Мерей Есқожаев күріш өнімдерін Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Ирак пен Өзбекстан еліне экспорттады. Одан бөлек, «РЗА – Асыл-түлік», «РЗА – сүт» серіктістіктері мен жеке кәсіпкер Фатима Қазбергенова сүт және кәмпит өнімдерін елдің әр өңіріне жөнелтуде. Соңғы жылдары аудан кәсіпкерлері тез дайындалатын тамақ өнімдерін әзірлеуге ден қойып, кәсіптерін дөңгелетуде.
Мерекелік шарада осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар азамат «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен және «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ сала ардагерлері мен қызметкерлеріне ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен республикалық фермерлер қауымдастығының «Құрмет грамотасы» және облыс, аудан әкімдерінің Алғыс хаты табысталды.
Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің атынан «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мінәжадин Өтеев құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік шараны ұйымдастырған аудан басшылығына алғысын айтты.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
23 қараша 2021 ж. 538 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 104

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 101

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 100

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930