Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда статистика саласының қызметкерлері 100 жылдығын атап өтті

Қазалыда статистика саласының қызметкерлері 100 жылдығын атап өтті

Жыл сайын 8 қарашада Қазақстанның статистика саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай бүгін аудан әкімдігінде мерекелік шара өтіп, аудандық статистика басқармасының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты шараны аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, сала қызметкерлерін 100 жылдық мерекелерімен құттықтады.

– Еліміздегі атаулы датаның тарихы 1920 жылғы 8 қарашадан басталады. Қазақ үкіметі Қазақстандағы бірыңғай орталықтанған статистика жүйесінің бастауы болған «Мемлекеттік статистика туралы ережені» қабылдағандықтан, осы күн еліміздің статистика саласы үшін тарихи дата ретінде белгіленіп, кәсіби мерекелердің қатарына енген.

Жалпы алғанда, статистика Үкімет үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Себебі кез келген аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі статистика саяси және бизнес шешім қабылдауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын белгілеуде де аталған саланың рөлі зор.

Қазалы ауданының Статистика басқармасы мемлекеттік органдарды, іскер топтарды, өңір қоғамын және Республиканы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету, статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты қадағалау және бақылау бойынша басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Бүгінде басқарма қызмектерлері өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, жұмысты жүйелі ұйымдастыру жолында аянбай еңбек етіп келеді, – деген Мұрат Нәлхожаұлы статистика саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді «Алғыс хаттармен» марапаттады. Сондай-ақ, сала ардагерлері де назардан тыс қалмай, сый-құрмет көрсетілді.

Шара барысында статистика саласының ардагері Есіркеп Нұр аудан басшылығына рахметін айтып, зор алғысын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

06 қараша 2020 ж. 743 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031