Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпке дем берген бағдарлама

Кәсіпке дем берген бағдарлама

Әйтеке би кентінде мал шаруашылығымен айналысатындар көбейіп келеді. Мал бағып, атакәсіпке бет бұрғандар қатарында ауыл тұрғыны Жұлдызай Шыныбай да бар.
Бүгінде ауданда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жоба шеңберінде кәсіп бастағысы келетіндерге тегін оқу, грант, жеңілдетілген несие беру жолдары қарастырылған.
«Еңбек» бағдарламасы аясында Жұлдызай 1225200 теңгеге мемлекеттен грант алып, үш бас бұзаулы сиырға қол жеткізді. Қазір оның қуанышында шек жоқ.
– Бүгінгі таңда өз ісімді ашамын деген адамға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндік мол. Тек ниет пен тәуекел керек. Үкіметтің қолдау көрсетуінің арқасында бүгінде шаруашылығым жанданып, мал басының өз төлі есебінен өсуі де ырысымызды асырып отыр, – дейді жас кәсіпкер.
Оның айтуынша, ірі қара мал өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Төрт түлікті өсірумен айналысу үшін бұл істің барлық қыр-сырын жақсылап зерттеп алу керек. Ауылшаруашылық саласын дамытуда ет пен сүт тұқымдастарын өсіру, сатуға арналған жас төлдердің басын көбейту сынды бағыттары бар. Осы ретте ауданда жеке кәсіпті қолға алып, мал шаруашылығын ұршықша иіріп отырғандар қатары еселенуде. Осы күні төлдеп тұрған сиырларды қорасында баптауда. Сүтін сауып, айран пісіп, құрт жасауда. Артқан сүтті сатып, малға азық қылып отыр. Енді ол ірі қара малдың басын көбейтуді көздеп отыр.
– Қарап отырсаң қазір барлығы табиғи өнімді қолдануға бет бұруда. Сондықтан да болар сиырды сауғандай-ақ сүтін тұрақты алатындар баршылық. Айран пісіп, құрт жасасаң да, оның бағасы әжептәуір. Бір сөзбен айтқанда сұраныс жоғары. Кейде өзімізден де ауыспайды, – дейді Жұлдызай.
Жұлдызай Нұрланқызы 6 ағайын­дының арасында тәрбие­ленгендіктен бала кезден ата-анасы төрт түлікті күтіп-баптауға баулыған екен. Жастайынан сиыр сауып үйренген ол малда береке бар деп ой түйген. Мал шаруашылығынан хабары болғандықтан «Бастау бизнесте» ілім алғанда осы бағытты таңдаған болатын.
– Сабақ барысында көп ақпаратқа қанықтым. Жаңа дүниелерді көкейге түйдім. Бизнес жоспар жасауды үйрендім. Тың ойлар санада сайрап тұр. Алдағы уақытта ауданда жоқ өндіріс көзін іске қосқым келеді. Осындай идеямен тағы да қайтарымсыз грант ұтып алсам нұр үстіне нұр болар еді деген ниетім де жоқ емес, – деген ойымен бөлісті жас кәсіпкер.
«Еңбек түбі – береке» деген бар. Мыңғыртып мал айдамаса да, қолға алған кəсібін өрге домалатып, өз отбасына шарапатын тигізумен қатар, ауылдың да өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып отырған осындай еңбекқор жандардың өнегелі ісі көпке үлгі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 қазан 2022 ж. 220 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930