Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 мыңнан астам кәсіпкер бизнес-идеяларын іске асыруға грант алды

12 мыңнан астам кәсіпкер бизнес-идеяларын іске асыруға грант алды

Биылғы 1 қазандағы есеп бойынша Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде өз ісін ашуға 400 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі гранттарды 12,1 мың адам алды, оның 7,9 мыңы (65,3%) – ауылдық жерлердің тұрғындары.
Бизнесті ашуға мемлекеттен қаржылық қолдау бөлінген азаматтар грант алған күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық органдарында тіркеуге міндетті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметті
7 133 адам тіркеді.
Мемлекеттік грант алушылар қатарында жастар арасынан 5 865 адам, көпбалалы отбасылардан 3 580 адам, 1 061 мүгедектігі бар адам, 760 мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адам, табысы аз отбасылардан 453 адам, 119 ішкі қоныс аударушылар, 97 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 15 қандас бар.
Гранттар қажетті құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға, жануарларды өсіруге және өсімдіктерді өсіруге, сондай-ақ үй-жайларды жалға алуға берілді.
2022 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын жастар мен азаматтар үшін 20 мың грант беру жоспарлануда. Әлеуетті алушыларды іріктеу бесінші лекте жүргізілетін болады, бұл ретте төртінші лек шеңберінде кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 30 қыр­күйекте аяқталғанын істеріңізге сала кетейік.
Грант алуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру ол басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы жұ­мыспен қамту органдарының және қалалар мен аудандардың халықты жұмыспен қамту орта­лықтарының интернет-ресурстарында жарияланады.
Гранттар берудің барлық процесі элект­рон­дық форматқа ауыстырылды, мемлекеттен өз ісін ашуға қаржылық қолдау алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
17 қазан 2022 ж. 478 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930