Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал баққанға бітеді

Мал баққанға бітеді

Бекарыстан би ауылында мал шаруашылығымен айналысатындар көбейіп келеді. Мал бағып, атакәсіпке бет бұрғандар қатарында ауыл тұрғыны көп балалы Айымкүл Тәжікбаева да бар.
2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» бағдарламасы аясында 555600 теңгеге мемлекеттен грант алып, екі бас сиыр малын алған болатын.
– “Бүгінгі таңда өз ісімді ашамын деген адамға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндік мол. Тек ниет пен тәуекел керек. Үкіметтің қолдау көрсетуінің арқасында бүгінде шаруашылығымыз кеңейіп, мал басының өз төлі есебінен өсуі де ырысымызды асырып отыр”, – дейді Айымкүл апамыз.
«Еңбек түбі – береке» демекші, мыңғыртып мал айдамаса да, қолға алған кəсібін өрге домалатып, өз отбасына шарапатын тигізумен қатар, ауылдың да өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып отырған осындай еңбекқор жандардың өнегелі ісі көпке үлгі.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 сәуір 2022 ж. 560 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930