Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас келсе, іске

Жас келсе, іске

Қазір кәсіпкерлік субъектілерінің және халықтың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру бағытында бірқатар қолдау жасалуда. Атап айтқанда, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалы және «Бизнеске арналған үкімет» арқылы «бір терезе қағидатымен» рұқсат құжаттарын алуға септігі тиюде. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікке оқыту курстары, бизнес-жоспарлар дайындау бағыттары бойынша тиісті көмектер көрсетілуде.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тарапынан 200-ге жуық адамға кеңес берілді. Аудандық кәсіпкерлер палатасы тарапынан кәсіпкерлерге және алғашқы ісін бастаушыларға 800 қызмет көрсетілген.
Бизнеске арналған үкімет мекемесі арқылы жыл басынан бері инженерлік коммуникацияларға қосылуға техникалық шарттар алып беру, жердің нысаналық мақсатын өзгерту, сәйкестендіру құжатын рәсімдеу және басқа да 520 қызмет көрсетілген.
– Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жоба шеңберінде кәсіп бастағысы келетіндерге тегін оқу, грант, жеңілдетілген несие беру жолдары қарастырылған.
Былтыр Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 121 кәсіпкердің жобалары мақұлданды. Оның ішінде 29 жастың жобалары қолдау тапты. Осы бағдарламаның 200 АЕК көлеміндегі грант қаражатын 661 адам алған. Оның 270-і жастар болып тұр.
Жалпы аудандағы грант қаражатын алғандардың 59,0 проценті Әйтеке би кентінде, 6,0 проценті Қазалы қаласында, 35,0 проценті ауылдық округтердің үлесінде, – дейді аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов.
Биыл жаңа ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 21 адамға қайтарымсыз грант берілген. Соның 28,6 проценті жастарға тиесілі.
Бұдан бөлек "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 140 жоба екінші деңгейлі банк арқылы несие қаражатын алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялау үшін мақұлданды. Оның ішінде 18 жас кәсіпкер құны 160 миллион теңге болатын жобаларына несие қаражаттарын алса, ағымдағы жылы құны 25,0 миллион теңге болатын 2 жас кәсіпкердің жобалары субсидияланып, кәсіптерін дамытуда.
Ақтілеу Талайлыұлының айтуынша, кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге 2021 жылдың тамыз айында жарияланған грант конкурсына ауданнан 12 үміткердің жобалары ұсынылған. Нәтижесінде 4 жоба қолдау тапты.
Осы жылы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру конкурсын ұйымдастырушысы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы маусым-шілде айларында өткізуді жоспарлады. Құжаттарды ұсыну форматы «Qoldaukz» сайты арқылы жүзеге асырылатын болады. Конкурсқа қатысуға 30 адам ниеттенуде. Мемлекеттік бағдарламамен қолдау алған жобалар жүзеге асырылып, аудан экономикасының дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз.
Кәсіпкерлік саласын ұршықша иіріп отырған басшының сөзіне сенсек, жұмыспен қамту жол картасының екінші бағыты іске асырылуда. Бұл бағыт бойынша өткен жылы облыста құрылған «Atameken Qyzylorda» микроқаржы ұйымы жұмыс істеуде. Қаржы ұйымы «Бастау-Бизнес» және «Бизнес кеңесші» жобалары аясында сертификат алған азаматтарға 6 процентпен несие беруде.
Сонымен қатар Еңбек бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен ауылдық елдімекен тұрғындарының кәсібін жүргізу мақсатында «Іскер» бағдарламасы арқылы 6 процентпен және жеке қаражат есебінен «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 17 процентпен несие алуға өтінімдер қабылдауда.
Бүгінде осы бағдарламалар шеңберінде 2 жоба қаржыландырылып, 1 жоба мақұлданды. Жүзеге асырылған жобалардың басым бөлігі мал шаруашылығын құрады. Әрбір жоба бастамашыларын жан-жақты кеңеспен демеп, көкөніс, бақша өнімдерін өңдеу және тосап даярлау, жемістерді кептіру немесе түрлі шырындарды даярлауға және пайдаланылмай жатқан тері-жүн өнімдерін өңдеу істері дамытылмақ. Бұдан бөлек қолөнер саласын қолға алып, өңдеу саласына мән берілетін болады.
Кейбір несие қаражатын алған үміткерлер кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп табыс табу үшін үй жағдайында өнім өндіруге бейімделуде. Жартылай дайын өнімдер мен кондитерлік өнімдерін өндірушілер қатары көбейді. Ата-ананың тапқан табысына ортақтаспаған жастар артып, өз ісін дөңгелеткендердің саны ұлғайғанына іштей разы болдық.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 шілде 2022 ж. 297 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930