Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар Жеңіс күнін атап өтті

Қазалылықтар Жеңіс күнін атап өтті

Қазалы ауданының тұрғындары 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесін салтанатты түрде атап өтті.
Шара «Тағзым алаңында» басталды. Мерекеге соғыс ардагері Қабақ Смағұлмен бірге тыл еңбеккерлері және тұрғындар қатысты. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған азаматтар гүл шоқтарын қойып, Отан қорғау жолында мерт болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мереке «Жеңіс» саябағында жалғасты. Салтанатты шарада аудан басшысы жұртшылықты Жеңіс күнімен құттықтады. Сұрапыл жылдары жалын кешкен батырларымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды екенін жеткізіп, еліміздің бүгінгі бейбітшілігі мен тұрақтылығы мәңгілік болсын деген тілегін арнады.
Шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Жалпы, Қазалы ауданынан 10770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде 5 ардагер Пірназар Мырзатаев, ТілеубегенТобабергенов, Қалеп Бектұрғанов, Лепес Әуесбаев, Қабақ Смағұл арамызда жүр.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 мамыр 2018 ж. 2 708 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930