Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

Қазалы ауданының әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

Жаңа жыл мерекесіне орай Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.
Аудан басшысы алдымен Тілеуберген Тобабергеновтің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген аудан әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
Ал соғыс ардагері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін Мұрат Нәлхожаұлы Басықара ауылында тұратын соғыс ардагері Пірназар Мырзатаевқа да облыс әкімінің құттықтау хатын беріп, мерекелік сыйлықтар табыс етті. 97 жастағы майдангер 11 атқыштар полкінде пулеметші болғандығын айта келе, Жеңіс күнін неміс жерінде қарулас достарымен қарсы алған сәтін есіне алды.
Аудан әкімі Қазалы қаласындағы Қалеп Бектұрғанов пен Бекарыстан би ауылындағы Қабақ Смағұлдың да үйіне барып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде ардагерлер бүгінгі ұрпақтан тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеуін өтінді. Сонымен қатар, Елбасыға және жергілікті билік өкілдеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдірді.
Мұндай құттықтау Кәукей ауылында тұратын Әуесбаев Лепес ардагерге де жеткізілді.
Айта кетейік, Ортақ Отанды қорғау үшін Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күні 5 ардагер арамызда.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
27 желтоқсан 2017 ж. 2 059 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031