Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс ардагерлері ардақталды

Соғыс ардагерлері ардақталды

Жаңа жыл мерекесіне орай Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев ұлы отан соғысының ардагерлерін құттықтады.
Аудан басшысы алдымен Тілеуберген Тобабергеновтің отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген аудан әкімі сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғысын білдірді.
Ал соғыс ардагері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Бұдан кейін Мұрат Нәлхожаұлы Басықара ауылында тұратын соғыс ардагері Пірназар Мырзатаевқа да облыс әкімінің құттықтау хатын беріп, мерекелік сыйлықтар табыс етті. 97 жастағы майдангер 11 атқыштар полкінде пулеметші болғандығын айта келе, Жеңіс күнін неміс жерінде қарулас достарымен қарсы алған сәтін есіне алды.
Аудан әкімі Қазалы қаласындағы Қалеп Бектұрғанов пен Бекарыстан би ауылындағы Қабақ Смағұлдың да үйіне барып, құрмет көрсетті. Өз кезегінде ардагерлер бүгінгі ұрпақтан тәуелсіз Қазақстандағы бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, оны қастерлеуін өтінді. Сонымен қатар, Елбасына және жергілікті билік өкілдеріне өздеріне көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылығын білдірді.
Мұндай құттықтау Кәукей ауылында тұратын Лепес Әуесбаев ардагерге де жеткізілді.
Айта кетейік, ортақ Отанды қорғау үшін Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күні 5 ардагер арамызда.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
29 желтоқсан 2017 ж. 4 931 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 122

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 123

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 118

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930