Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел қорғау – ердің ісі

Ел қорғау – ердің ісі

Қасиетті Қазалы ауданының жігіттері Отан алдындағы әскери борыштарын адал атқарып жүр. Өздерінің адалдығымен, үлгілі әскери тәртібімен, жауынгерлік даярлық сабақтарын үздік меңгеріп жүрген олар әркез озат сарбаздар қатарынан табылады. Сондай азаматтардың бірі – жақында ғана әскер қатарынан оралған Бақтияр Исмайлов.
Отан алдындағы қасиетті борышын Ақтау қаласындағы №25744 әскери бөлімінде өтеген Бақтияр алғашқы күндерінен бастап-ақ әскери өмірдің қыр-сырын үйренуге үлкен ынта білдіріп, жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білген. Жауынгерлік міндеттерін атқаруда жауапкершілік пен дұрыс бастамашылық танытып, өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактика-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін өте жетік меңгергендіктен атыс даярлығында үздік нәтижелер көрсетті.
Қазалы қаласында туып-өскен Бақтияр Исмайлов №25744 әскери бөлімінің құрамына кіретін теңіз жаяу әскерінің “Мергендер” батальонында мылтық ату және спорттық жарыстардан үздік нәтиже көрсеткені үшін «Батыс» өңірлік қолбасшылығының “Алғыс хатымен” марапатталған.
– Жас күнімнен спортты жаныма серік еттім. Сондықтан болар, әскер қатарындағы жаттығулар мен үшін аса қиындық туғызған жоқ. Көрсеткіштерім де жаман емес. Ол үшін марапат та алдым. Әскердегі күндер – өмір мектебі. Ол кешегі ата-анасының жанында қиындық көрмеген кез келген бозбаланы ширатады, шыңдайды, өз бетінше өмір сүруге тәрбиелейді. Оған қоса, қазіргі таңда жауынгерлерге бар жағдай жасалған, – дейді Бақтияр.
Расында да Бақтияр жас күнінен футболмен айналысады. Мектеп қабырғасында жүргенде талай жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Әскер қатарына шақырылғанға дейін де, одан келген соң да футболдан аудан біріншілігінде “Қазалы” командасының намысын қорғап жүр.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
06 мамыр 2018 ж. 2 420 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930