Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 40 күндік әскерге қабылдану үшін азаматқа қандай талаптар қойылады?

40 күндік әскерге қабылдану үшін азаматқа қандай талаптар қойылады?

Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында көрсетілгендей, әр азамат өзінің елін қорғауға міндетті және бұл ер жігіттің қасиетті парызы. Осы қағидаға сәйкес, жауынгерлерді әскерге қабылдау, Отан алдындағы борышты өтеу, еліміздің қарулы күштерін қуаттандыру саясаты жоспар бойынша жүзеге асып жатыр.
18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматы әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Ал, оның мерзімі міндетті түрде 1 жыл болуы шарт па?
Уақыттың тапшылығынан ығыры шығып, оның маңыздылығын бағалай білетін қазіргі қоғам өз өмірінің жоспарын ерте бастан құруды негізгі қағида деп біледі. Сол себепті, 1 жылдың бағдарламасын 40 күнде үйрететін әскери техникалық мектептегі жауынгердің қатарын толықтырады. Көбіне жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған жастардың қатары қалың жүретін бұндай атаулы әскери мектеп Алматы қаласында да бар. Одан бөлек, 2013 жылдан бастап ел ішінде дәл осындай 15 мекеме, белгілі уақыт аралығында сарбаздар даярлауда.
Алматы қаласындағы әскери техникалық мектеп 2013 жылдың мамырынан бастап "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" жайлы жаңартылған қаулысы бойынша 40 күн ішінде курсанттарды дайындайды. Негізгі мақсат – Қазақстан қарулы күштеріне әскери техникалық мамандар дайындау. 24-27 жас аралығындағы азаматтарға атқыш мамандығын меңгеру үшін, бағдарлама бойынша барлығы 280 сағат бөлінген. Оның 40 сағаты алғашқы әскери дайындыққа арналса, қалған 240 сағаты атқыш мамандығын үйренуге бөлінген.
40 күндік әскерге қабылдау ережелері:
• 2017 жылдың 15 маусымындағы өзгертулер бойынша, азаматтың жас мөлшері 24-27 жас аралығында болу керек;
• егер, осы талапқа сай келсеңіз, тұрғылықты жеріңіз бойынша қорғаныс істер бөліміне арыз жазасыз;
• медициналық комиссиясың тексерісінен өтуге міндеттісіз;
• 263 318 теңге мемлекеттік ақы төленуі шарт. 40 күндік әскердің артықшылығы қандай?
• 10 ай 20 күнді үнемдейсіз; • егер отбасылы болсаңыз, 18:00-06:30 аралығында, аптаның барлық күнінде үйіңізге барып-қайтуға мүмкіндік бар;
• 1 жылдық әскердің тексеріс комиссиясынан денсаулығыңызға байланысты өте алмай қалсаңыз, 40 күндікке келуге мүмкіндік бар. Бұндағы медициналық комиссияның тексеріс талаптары жеңілдетілген.
40 күн ішінде жауынгер не үйренеді?
• әскери өмірмен танысады; • казармалық тәртіпке үйренеді; • бекітілген уақыт аралығында 2 рет сынақ алаңында ату жаттығу жұмыстарынан өтеді;
• күнделікті әскери сабақ, дәріс тыңдайды;
• тактикалық, саптық, оқ ату тәжірибесінен өтеді.
40 күн әскери мектептің тәлімін алған сарбаз соңғы кезеңде 12 пән бойынша емтихан тапсырмаларын орындайды. Сертификатқа ие болған жауынгер бұл құжатты, бірінші кезекте жергілікті жердің қорғаныс бөліміне өткізеді. Сертификат мекемеге тапсырылған күннен бастап 30 күн ішінде әскери билет дайын болады және бұл құжатты азамат халыққа қызмет көрсету орталығынан алады. Бұл билеттің көмегімен, сарбаз еліміздегі кез келген әскери бөлімшелер мен құқық қорғау органдарында жұмыс жасай алады. Тек, әскери билет Қазақстан Республикасы аумағында ғана жарамды. Егер азамат шетелге көшіп кеткен жағдайда, сол елдің әскери бөлімінде қызмет атқаруға міндетті. Сонымен қатар, жоғарыда айтқан 263 318 теңгенің ішіне киер киім, жатар орын, 3 уақыт тамақ кіреді.
Ер азаматтың өз борышын қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкіндігін 2013 жылы еліміздің Парламент депутаттары ұсынған. Мектепті енді бітірген 18 жасар бозбалаға қарағанда, санасы толығып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған 24 жастан асқан азамат әскери дәрісті тез, ұғынықты қабылдайды. Сонымен қатар, оқу жолында көп уақытын сарп еткен азаматтардың әскерден тыс қалмасы үшін осы бағдарлама ұйымдастырылған.

massaget.kz
14 желтоқсан 2017 ж. 27 574 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031