Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жаңа жылда − әскерилерден сый

Жаңа жылда − әскерилерден сый

Жаңа жыл мерекесіне орай, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 66597 әскери бөлімі және авиация комендатурасының әскери қызметшілері бірлесе, Қызылорда қаласында орналасқан қарттар үйі мен мамандандырылған сәбилер үйіне мерекелік көңіл-күй мен сыйлықтар тартуды жөн көрді.
Алдымен, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында КММ «Қарттарым − асыл қазынам» атты жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.
Аталған шарада бір топ әскери қызметшілер мен Батыс Қазақстан облысынан 66597 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздар қатары асыл қазыналарымызға әзірлеген әсем әндері мен қойылымдары тамашаланды.
Осы мекеменің қызмет алушы С. Прімбетов: Жаңақорған ауданынан келгеніме 5 жыл көлеміндей уақыт болды. Көптеген мекемелер әр түрлі шаралар ұйымдастырып, қуанышқа бөлеуге асығып тұрады. Бізде қонақтар келсе, жанымыз жадырап қалатыны сөзсіз. Биылғы жаңа жылдың ерекшелігі әскерилер мен сарбаздардың құттықтау тілектерін қабылдай отырып, еліміздің тыныштығын күзететін қорғаушыларымыздың өнерлеріне тамсана ерекше марқайып қалдық. Алдағы уақытта жиі келіп тұрсаңыздар екен – деген ниетін білдірді.
Шара соңында аталарымыз ақ баталарын, ақ жаулықты әжелеріміз жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, әскери қызметшілер Қызылорда облысы мамандандырылған сәбилер үйінің жаңа жылдық шыршасына қатысты. Әсем әскери формадағы аға-әпкелерін көрген балдырғандар арасынан да «мен де өскенде Отан қорғаушы болғым келеді!» − деген армандарын айтқандар да кездесті.
66597 әскери бөлім командирі майор Е.Әбдірайымның айтуынша, «Әскери қызметшінің міндеті − Отанды қорғау болса, алдымен еңбектеген баладан, еңкейген қарттарымыздың жүздерінен қайғы-мұң түспесе игі.
Даңқты жауынгер Б. Момышұлының қанатты сөзінде: «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес» - деген болатын. Сәбилеріміз аман болсын! Олардың тыныштығын күзететін әскери саладағы біздерді асыл қазыналарымыз ұл-қыздары ретінде қабылдап, естен шығармаса екен. Ұйымдастырылған шара әлі де ерекше жалғасын табатынына сенімдімін.

А.Шағырбаева
Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі баспасөз қызметінің бастығы.

05 қаңтар 2018 ж. 2 379 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 53

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 81

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031