Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүңгуір кемесінде қызмет еткендер

Сүңгуір кемесінде қызмет еткендер

1993 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерін құру туралы Жарлығына қол қойды. Бұл құрылым 1998 жылы Шекара күзеті күштерінің құрамына енгізілді. Теңіз флотилиясының басты міндеті – шекарашылармен біріге отырып, Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекеттік шекараны, аумақтық тұтастықты, мемлекеттің тәуелсіздігі мен экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы жетпіс бес жылдық тарихы бар «Зенит» АҚ халықаралық талаптарға сай отандық сапалы су кемелерімен қамтамасыз етіп отыр. 1998 жылы «Астана» деген атау иеленген алғашқы катер суға түсірілді. Соңғы жылдарда зымыранды-артиллериялық, су сыйымдылығы 250 тонналық «Орал» және «Қазақстан» әскери кемелерін айтуға болады. Кеме бір-бірімен тығыз байланысты штурмандық, артиллериялық, электромеханикалық және байланыстық деп аталатын төрт жауынгерлік бөлімнен тұрады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Әскери-теңіз күштері – 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сай дамып, өзінің жауынгерлік қабілетін арттыруда. Ең алдымен кадр саясатына қатты мән беріледі. Жыл сайын Әскери-теңіз күштері қатарына отандық және шетелдік теңіз мамандарын дайындайтын оқу орындарының түлектері қосылып отырады. Негізгі әскери құрам келісімшарт және мерзімдік түрде қызмет етіп жатқан теңізшілерден құралған. Бұл теңізшілердің басым көпшілігі ҚР Қорғаныс министрлігінің Ақтау қаласында орналасқан бұрынғы Әскери-теңіз институтында оқып білім алғандар. Жыл сайын әскери теңізшілер Ресей, Германия, Түркия, Украина мемлекеттерінде білімін жетілдіріп қайтады.
Осындай ауқымды жұмыстар 2009 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың №368 Өкімімен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалған контр- адмирал Жандарбек Сәдуұлы Жанұзақовтың басшылығымен іске асырылуда. Қазақстанның әскери теңізшілері адмирал Нихимовтың «Теңізшіде жеңіл не ауыр жол болмайды, тек бір – даңқты жол бар» деген өсиетіне сай адал болуға қызмет етіп, шекара күзетінде ел тыныштығын ең алдымен тәуелсіздігімізді сақтау жолында қырағы қызмет етуде.
Осы орайда өзі жоғары шенді офицер болып тірі қалуға мүмкіндігі болса да, қатардағы теңізшіні құтқарып, қаза тапқан соң «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Т.Әмитжанұлы сияқты кәсіби теңізші болмаса да Отан алдындағы борышын осы салада өтеген қазалылық азаматтар саусақпен санарлықтай. Олар: Ахметулла Опабеков 1956 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1975-1978 жылдары Солтүстік флотта атом сүңгуір кемесінде қызмет атқарған. Қазалы локомотив пайдалану депосында жұмыс істеп, 2015 жылы зейнеткерлікке шықты.
Бөлекбай Шыныбаев 1955 жылы Қазалы ауданында туған. 1973-1976 жылдары Тынық мұхит флотындағы «Малый Улис» базалық бухтасындағы 6 эскадраның 19 бригадасындағы атом сүңгуір кемесінде қызмет еткен. «Қазалы теміржол жылу» мекемесінде бас инженер болып, биылғы жылдың ақпан айынан зейнеткер қатарында.
Рашид Абдуллин 1954 жылы Қазалы қаласында кіндік қаны тамған. Мурманск қаласындағы Солтүстік флоттағы атом сүңгуір кемесінде 1972-1975 жылдары әскери борышын өтеген. ЭЧ-25 теміржол мекемесінде электр- монтер болып қызмет істеп зейнеткерлікке шыққан, ауданға белгілі өнерпаз.
Арыстанбек Ерімбетов 1956 жылғы Қазалы ауданының тумасы. 1974-1977 жылдары Солтүстік флотта атом сүңгуір кемесінде жауынгерлік қызметте болған. Қазір №40 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясында электро механик болып еңбек етеді. Ержігіт Мырзамұратов даңқты жерлесіміз Талант Әмитжанұлының қарамағында 1976-1979 жылдары қызмет етсе, Күнділда Анитеев Тынық флотында 1973-1976 жылдары атом сүңгуір кемесінде қызмет істеген. Локомотив депосында еңбек етіп, зейнеткерлікке жетті. Бір өкініштісі, Күнекең 2017 жылы 10 желтоқсанында өмірден озды.
Кеңес Одағының батыры, атом сүңгуір кемесінің командирі Мұхаммед Гаджиев: «Сүңгуір кеме экипажы өліммен күнделікті бетпе-бет кездесіп тұрады, себебі берілген бұйрыққа байланысты бүкіл экипаж жеңеді немесе қаза табады», – деген болатын. Бұған біздің алып қосарымыз жоқ.
Серік САЯНОВ,
Қазалы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, майор.
Бақытжан ТҮМЕНБАЕВ,
Жанқожа батыр атындағы
№70 мектептің мұғалімі.
Суретте: солдан оңға қарай
Ахметулла Опабеков, Бөлекбай Шыныбаев,
03 сәуір 2018 ж. 3 326 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031