Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абырой арқалаған аяқдопшылар

Абырой арқалаған аяқдопшылар

Футбол – ауданда көпшіліктің сұранысына ие спорттың түрі. Бұлай дейтінім, қалың көрермен әр ойын сайын орталық Жалаңтөс Баһадүр стадионға ағылып, ауа райының қолайсыздығына қарамастан жанкүйер болуға дайын. Мұны жергілікті жерде өтіп жатқан Қызылорда облысының футболдан IX чемпионатының кезекті III тур ойындарынан аңғаруға болады. Ауданның намысын арқалаған аяқдопшылар апта басынан бері 5-ші мәрте аймақтың жеңімпаздары атану жолындағы маңызды ұпай үшін жасыл алаңда доп теуіп жүр.
Жыл сайын тұрақты түрде өтіп отыратын облыс біріншілігіне Қызылорда қаласы мен 7 ауданның құрамалары қатысады. Аталған жеті ауданның стадиондарына өткен ойынның кезегі Қазалыға келіп жетті. Жерлестер апта басында алғашқы кездесуді Жаңақорған құрамасымен өткізді. Одан соң Сырдариялық жігіт­термен күш сынасты. Артынша Арал қаласының құрама­сымен үш ұпайды сарапқа салды. Барлық ойында жеңіс біздің жігіттердің жағында болды.
Әзірге көш басында Қызылорда құрамасы тұр. Ал біздің жерлестер екінші орында келеді. Демек барлығы алдағы апта облыс орталығында болатын қорытынды турда шешіледі.
Айтпақшы, серсенбі күні аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионға арнайы келді. Қазалы мен Сырдария құрамалары арасындағы ойынды тамашалап, футболшыларға сәттілік тіледі.
– Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда, денсаулықты нығайтуда спорттың алатын орны ерекше. Соның ішінде футбол – кең таралған, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген спорт түрі.
Футбол ойыны – жер жүзіне кең тараған әлемдегі №1 спорт түрі болып саналады. Ала доптың сиқыры соншалықты, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін құмар. Футбол әсіресе жас жеткіншектерді бұқаралық сипатта спортқа баулудың бірден-бір құралы. Өйткені футбол тек қызықты спорт түрі ғана емес, жастардың жан-жақты физиологиялық дамуына, салауаттылыққа тартылуына жеткізер спорт.
Өздеріңіз білесіздер, Қызылорда облысында жыл сайын футболдан дәстүрлі чемпионат ұйымдастырылады. Дүбірлі додада қазалылық аяқдопшылар нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп келеді. Біздің жерлестеріміз облыс чемпионатында 4 рет жеңімпаз атанған. Соңғы рет өткен жылы топ жарды.
Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған чемпионаттың кезекті тур ойындары Қазалыда өтіп жатыр. Дәл қазір Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда Сырдария ауданының командасымен жасыл алаңға шығатын біздің жерлестерімізге тек қана сәттілік тілеймін, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Айта кетейік, алда «Алтын күз» ойындары күтіп тұр. Мұндада қоржындағы ұпайды толтыру үшін футболдың алатын орны ерекше. Сондықтан қазан айында басталатын маңызды кезеңде жерлестерді қолдауды ұмыт қалдырмайық.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
24 қыркүйек 2022 ж. 544 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930