Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқдопшылар аламаны аяқталды

Аяқдопшылар аламаны аяқталды

Бүгінде аудандық әуесқойлар футбол лигасы «Жаз – 2022» ойындарында 10 команда өнер көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда әрбірі 9 ойын өткізіп, кесте бойынша өз орындарына жайғасты. Екі айдың ішінде өз көрерменін жинап, футбол сүйер жандарды «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы орталық стадионға жинаған лиганың жазғы маусым ойындарының бірінші айналымы осымен тәмам. Алда екінші айналым күтіп тұр.
Өткен аптаның жексенбісінде соңғы ойындар өтті. 9-шы тур аяқталған соң бірінші айналымның үздіктері анықталып, марапат төрінен көрінді. Нақтыласақ, «Үздік қақпашы» бағамымен «Намыс» командасының қақпашысы Сайран Нұрланұлы марапатталды. Ал «Сыр маржаны» құрамында ерекше ойынымен көзге түскен Нұржан Ахмет «Үздік қорғаушы» номинациясын иеленді. «Бірлік» құрамының жас ойыншысы Бақтияр Бақу «Үздік шабуылшы» атанды. Сондай-ақ, Арал ауданының намысын арқалап жүрген жігіттердің ішіндегі Нұрлан Оржанов «Үздік ойыншы» деп танылды. Бірінші айналым бойынша қарсыластың қақпасына бірнеше гол соғып, сұрмергендер көшін бастап тұрған «Намыс» құрамының ойыншы Жандосбек Нәбиев «Үздік сұрмерген» бағамымен марапатталды. Ойыншыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейтов пен Қазалы аудандық футбол федерациясының вице-президенті Олжас Орынбековтың дипломы табысталды.
Енді турнирлік кестеге тоқталайық. Әзірге көш басында 20 жылдан бері тарихы бар «Намыс» командасы тұр. Ал екінші орынға табан тіреген «Сыр маржаны» командасы қарсыласынан 5 ұпай қалып келеді. Үздік үштікті Қазалы қаласының намысын қорғап жүрген «Arzan city» жігіттері қорытындылады. Төртінші орын «Авангард», бестікте «Бірлік», алтыншы болып «Порт Арал» тұр. Сондай-ақ «Әмір», «Қайсар Шанхай», «Партсьезд» бен «13 аймақ» командалары соңғы орындарды өзара бөлісіп отыр.
Айтпақшы, жасыл алаңда ойынның жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүрген ұйымдастырушылар лиганың тұрақты демеушілері «Көркем» жарнама агенттігі, «Maki Maki» «Tamshy Su» «Nursik aksessuar-ға» алғыс білдіреді.
Айта кетейік, бұл қазіргі көрсеткіш. Алда екінші айналым бар. Яғни қай команда жеңімпаз болып, қандай орындарды қанағат тұтатыны әзірге белгісіз. Әйтеуір таңнан кешке дейін орталық стадионда өтетін ойындарға ағылатын жұрттың көңілдерінен шығатыны анық.

«Junior League» жеңімпаздары анықталды
Биыл аудандық әуесқойлар лигасының ауқымы кеңейгені туралы жұрт жақсы біледі. Бұған дейін аяқдопшылар жалғыз бір лигада өнер көрсетсе, осы жылы тағы екеуі қосылды. Ол үлкен жастағы «+35» пен жас өскіндердің «Junior League» доп додасы. Екі ай уақытты артқа тастаған жас аяқдопшылардың тартысы аяқталды. Ендеше, ең әуелі осы уақыт ішінде болған сайыстың қызығы мен лиганың ашылудағы мақсатына тоқталайық.
Біріншіден, әуесқойлар футбол лигасы «Junior League» Жаз – 2022» бұқаралық спорттың дамуы үшін қолға алынды десек, екіншіден, өскіндердің жазғы демалысты тиімді өткізуі үшін ұйымдастырылды. Жауапты істі әуелден қолға алған – Дәуренбек Тәжімбетов.
Жарысқа бас-аяғы 11 команда қатысты. Мұнда Қармақшы ауданынан бастап ауданға қарасты ауылдар мен мектептен құралған жастар доп тепті. Олар апта сайын орталық «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы орталық стадионға аялдап, жасыл алаңда қызу ойын көрсете білді. Барлығының мақсаты – жеңімпаз атанып, Қазақстан Чемпионаты «Junior League» додасында бақтарын сынау.
Әні-міне дегенше бір айналымнан тұрған лига мәресіне жетті. №17 аудандық олимиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің аяқдопшылары «Болашақ-2010» командасы жарыстың алтын алқасын тақты. Жетекшісі – Самат Жұбаниязов. Ал екінші орын Ақжол Құрманбайұлы бастаған «№276 орта мектептің» аяқдопшыларына бұйырды. Үштікті қорытындылаған Қармақшы ауданынан ат терлетіп келген «Жандос» командасының жігерлі жігіттері болды. Жеңімпаз командаларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейтов пен Қазалы аудандық футбол федерациясының вице-президенті Олжас Орынбековтың дипломы табысталды. Сондай-ақ арнайы жүлделі кубок пен медальдар үйлестірілді.
Мұнан бөлек екі ай бойы көрермен көзайымы болып, ерекше көзге түскен спортшылар марапаттан құр қалмады. Атап айтсақ, «Үздік ойыншы» бағамымен Бейбарыс Асылбекұлы, «Үздік сұрмерген» Сұлтанбек Мүбарак, «Үздік ассист» Бейбарыс Талғатұлы, «Үздік гол» Диас Жарылқасын, «Үздік қорғаушы» Аян Елтай, «Үздік шабуылшы»» Диас Ұлықбаш, «Үздік сұрмерген» Нұртөре Маханғали, «Үздік қақпашы» Бейбарыс Орынбай, «Үздік гол» Нұрислам Дүзелбай және «Үздік шабуылшы» Сәкен Нұрасылов деп табылды.
«Junior League» Жаз – 2022» жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Дәуренбек Тәжімбетов бастаған Смағұл Жасұлан, Серікбол Ерғалиев, Тимур Берденқұлов, Ғабит Ешмаханов, Мұқағали Сансызбаев, Нұрлан Ахмет, Жандос Қартбай мен Данияр Қалдыбай екенін баса айтқан жөн. Сонымен қатар ұйымдастырушылар атынан лиганың басты демеушісі «Көркем» жарнама агенттігінің басшысы Нұрхан Бердімұратовқа алғыс білдіреді.
Айта кетейік, бұл ауданда алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ алдағы уақытта жалғасын тауып отырады. Дәуренбек Тәжімбетовтың айтуынша, осы арқылы бұқаралық спортты дамытып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, демалысты тиімді өткізуіне жағдай жасау. Одан бөлек лиганың басты мақсаты – келешек ауданның намысын айтулы додаларда қорғайтын жастардың легін арттыру екен.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
02 шілде 2022 ж. 1 254 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930