Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балағат сөздің денсаулыққа зиянын ескеріп жүрміз бе?

Балағат сөздің денсаулыққа зиянын ескеріп жүрміз бе?

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Үлкен күнәлардың ішінде ең ауыры – кісінің өз ата-анасына лағынет айтуы», – деді. Сонда Пайғамбарымыздан бір кісі: «Қалай өз ата-анасына лағынет айтуы мүмкін, уа, Расулалла?», – деп сұрайды. Ол (с.а.с.): «Кісі біреуді әкесінен боқтайды. Ол да оны (өз кезегінде жауап ретінде) әке-шешесінен боқтайды. (Осылайша біреу арқылы өз ата-анасын боқтаған болып отыр)», – деп жауап берді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Қиямет күні кісінің таразыға ауыр басатын нәрсесі – көркем әдебі. Сөзсіз, Алла Тағала боқауыз, былапыт сөз айтушы кісіге ашуы келеді», – дейді. Сахаба Муаз бин Жәбәл: «Уа, Алланың Елшісі! Сөйлеген сөзіміздің барлығына жауап береміз бе? – дейді. Сонда хазіреті Пайғамбар (с.а.с): «Адамдардың мұрындарымен жер сүзіп, тозақта азапталуының басты себебі, осы тілдің кесірі», – деп жауап берген. Сондықтан абайлап сөйлеу – ақылдылықтың, имандылықтың белгісі.
Тіл – Алла Тағаланы зікір ету үшін берілген. Алла Тағаланы мадақтап, ұлықтайтын сөздерді айтқан сайын жүрегіміздегі иләһи нұр күшейе түседі. Ал бос сөздер айтып, қылжақтау жүректің нұрын сөндіреді. Хазіреті Омар (р.а): «Кімде-кім көп сөйлер болса, көп қателеседі. Көп қателесу күнәнің көбеюіне себеп болады. Ал күнәһар адамның барар жері тозақ» дейді.
Адамның сөзі мен ойының басқа адамдарға, жанды нәрселерге, өсімдіктерге әсерін зерттеумен айналысатын жапон ғалымы Эмото Масару адам сөйлеген кезде ойын басқаларға жеткізіп қана қоймай, айтқан сөзінің жақсы не жаман мағыналы болуына орай пайдалы не зиянды ақпараттық толқын тудыратынын мәлімдеген. Ғалымдар балағат, жағымсыз мағынаға ие сөздердің радиация әсері секілді адам генінің мутацияға ұшырауына себепкер болатынын, ол өз кезегінде ағзаның қартаю процесін тездетіп, түрлі психикалық және тән ауруларының пайда болуына ықпал ететінін анықтаған. Жақсы мағынаға ие, қайырымды-мейірімді сөздер, дұғалар, тіпті кейбір әдемі өлең-жырлардың өзі көптеген кеселдерді емдеп, адамға жағымды ықпал етіп, ағзаның қартаю процесін тежейді екен.
Ресей Ғылым академиясы кванттық генетика интитутының ғалымдары да балағат және бейәдеп сөздердің жағымсыз салдары туралы біраз зерттеулер жүргізген. Нәтиже көрсеткендей, айтылған сөздердің электромагниттік тербелісі ДНҚ молекуласының құрылымына тікелей әсер ететін болып шықты. Егер балағат және жағымсыз сөздер айтылса, ДНҚ молекуласы осы сөздерді қабылдайды және қабылданған әсердің тым артық әрі жағымсыз болуынан «теріс программа» немесе «өзін-өзі тарату (самолик-видация) программасын» іске қосады. Демек, өзін-өзі күйретуге, бүлдіруге бағытталған үдерістер басталады. Осылайша ақпараттардың үнемі күйреп, бұрмалануы, өзгеріске ұшырап тұруы ДНҚ-ның құрылымын сау күйден ауру күйге душар етеді.
Айтылған сөздердің позитивті және негативті әсерлері бар екені бағзы заманнан белгілі. Медицина ғылымы жақсы дамымаған заманда халық дауаны дұғалар мен жақсы тілек сөздерден тапқан. Ал әдепсіз және балағат сөздерді айтудың өзін қарғыс деп есептеген. Тіпті, сол заманда адамдардың ойында балағат сөздерді айтудың дұрыс еместігі туралы болжамдар болса, бүгінде ол сөздердің зияндығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Сол себепті, не ойлап жүргеніңізге, қандай кітаптар оқып, қандай ақпараттар қабылдап жатқаныңызға, айналаңызға қандай сөздер айтып, қандай сөздер естіп жүргеніңізге аса мән беріңіз.
Дайындаған – Әсел ДАҒЖАН.
www.muslіm.kz
13 сәуір 2018 ж. 4 442 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031