Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алла Тағала шыбынды не үшін жаратты?

Алла Тағала шыбынды не үшін жаратты?

Бір күні халифа Әбу Жағфар Мансұр (95-158/714-775) әдеттегідей сарайында отырады. Кенеттен бір шыбын ұшып келіп жүзіне қонады. Ол шыбынды қағып жібереді. Алайда шыбын қайта айналып келіп жүзіне қонады. Қайта қағып жібереді. Осылайша шыбын бірнеше мәрте халифаның жүзіне қонып мазасын алады. Халифа ыза болады. Есіктің аузында тұрған нөкерлеріне қарап: «Есіктің алдына кім келіп тұр?» деп сұрайды. Нөкерлердің бірі келіп: «Мұқатил ибн Сүлеймен кіруге рұқсат сұрап тұр» дейді. Халифа: «Дереу алдыма кіргізіңдер» дейді. Мұқатил сарайға кіреді. Халифа Мұқатилді көрген бетте: «Алла Тағала шыбынды неге жаратқандығын білесің бе?» деп сауал қояды. Мұқатил еш кідірместен: «Алла Тағала шыбынды өзін құдіреттімін деп санаған зорларды тәубесіне түсіру үшін жаратты» деп жауап береді. Әбу Жағфардың аузына құм құйылып, ләм-мим деп тіл қатпаған екен.
Түйін: Пілді, түйені қызметіңізге берген Алла қаласа шыбынға, масаға қор ете салады. Мұның барлығы Құдайдың жаратқан пендесі екендігіңізді ұмыттырмау үшін жасалған. Менменсінуден, тәкаппарлықтан аулақ болыңыз.
Күндеріңіз сәтті өтсін!
(Мұқатил ибн Сүлеймен. Ғалым, тәфсірші, һижри 150-де дүниеден өткен)
05 сәуір 2018 ж. 4 964 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930