Жол салудың жаңа міндетті әдісі қолданыла бастайды
Жекелеген жобаларда мамандар жұмыс сапасына әсер ететін сапасыз жобалық шешімдерге тап болуда. Жолдарды сапасыз салатын және жөндейтін мердігерлер сапасыз қызмет көрсететіндер тізіміне енгізіледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгінде жол бойында және көлденең жатқан жарықшақтар, шұңқырлар, асфальт бетінің деформациясы, шөгу, қабыршақтану жолдардағы негізгі ақау болып отыр. Ал бұл ақаулардың пайда болуына сапасыз жобалық шешімдер мен жұмыс орындалуын нашар бақылау себеп", - деді ведомствода.
Жекелеген жобаларда мамандар жұмыс сапасына әсер ететін сапасыз жобалық шешімдерге тап болуда. Жобалау проблемасына өңірлердегі климат, жауын-шашын мөлшері, топырақтың мұз боп қату тереңдігі бойынша бірыңғай әдіс пен талап болмауы әсер етіп отыр.
Мысалы, Қазақстандағы климат ауыспалы континенталды болып саналады және Нұр-Сұлтанда топырақтың қату индексі 1 850 миллиметр. Ал Алматыда бұл индекс 490 миллиметр. Бірақ климаттық факторлардың әр алуандығына қарамастан, жобалаушылар бірдей шешім қабылдай береді.
PG талабы бойынша жол жабынының конструкцияларында битум жіктемесінің қатпайтын қабатын қолдану жөніндегі міндетті талап енгізіледі.
Белгіленген нормаларға сәйкес, битум маркалары Performance Grade (PG) әдісі бойынша жіктеледі. Сондықтан PG талаптары температураның жоғары ауытқуы жағдайында жарықшақ туындауын болдырмау үшін өте маңызды. Өйткені ақаулардың пайда болуының негізгі себебі қолданылатын битумға байланысты болады, деді министрлікте.
Кездесу қорытындысы бойынша жобаны "Мемлекеттік сараптама" РМК қарауына енгізгенге дейін "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК және "ҚазжолҒЗИ" АҚ базасында салалық сараптама мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар Жобалық шешімдерді қарау мәселелері бойынша ғылыми техникалық кеңестің жұмысы қайта қаралады.