Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҒМ: Қазақстандағы жоғары оқу орындары 2021 жылдан бастап жеке үлгідегі диплом бере бастайды

БҒМ: Қазақстандағы жоғары оқу орындары 2021 жылдан бастап жеке үлгідегі диплом бере бастайды

Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Министрдің айтуынша, бұл жағдай жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек. Бұған қоса Аймағамбетов енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыреттеріне көбірек көңіл бөледі айтып кетті.  Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқаратын болады.

"Студенттер мен олардың ата-аналарын ЖОО таңдауда мұқият болуға шақырамыз. Сонымен қатар, келесі аспектілерге назар аударуды ұсыну қажет: - әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінде ЖОО-ның позициясы - QS және "Атамекен" ҰКП рейтингісінде білім беру бағдарламалары; - ЖОО мәртебесі мен академиялық беделі; - ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы", - деді Асхат Аймағамбетов.

Білім беру қызметтерін бағалауға әсер ететін әрі еңбек нарығы ұсынып отырған негізгі факторларға - ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы, ЖОО-ның аккредиттеуден өтуі, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б.

Заңнамаға сәйкес студенттерге қысқы және жазғы каникул кезінде бір ЖОО-дан екіншісіне ауысу мүмкіндігі берілгендігін айта кеткен жөн.
Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Заңнама талаптарының бұзылуы және сапасыз білім беру қызметтерін ұсыну фактілері анықталған жағдайда жоғары оқу орындарын лицензиядан айыру немесе тоқтата тұру бойынша шаралар қабылданады.


31 қаңтар 2020 ж. 1 216 0

Ісін сүйген, ұтылмайды

05 сәуір 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930