Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер дұрыс қарамаса, кімге арыздану керек?

Дәрігер дұрыс қарамаса, кімге арыздану керек?

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сапасыз медициналық қызметке тап болған азаматтарға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде әрбір қалада, тіпті әрбір аудан орталығында жергілікті департаменттер бар. Ол департаменттер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қарайды. Бұл – қайта құрылған комитет. Министрліктің ресми сайты арқылы комитетке шығуға болады. Сол жерде жергілікті департаменттердің байланыс телефондары да көрсетілген", - деді Біртанов есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, дәрігерлер өз жұмысын дұрыс атқармаса, медициналық қызмет сапасыз көрсетілсе, сол департаменттерге жазбаша арыз тапсыру қажет.

"Негізі, біз әлеуметтік желілерге шығатын арыз-шағымдарды да оқып отырамыз. Алайда оның бәрін ресми түрде тіркеуге құқығымыз жоқ. Заң бойынша жаңағы комитетке, я болмаса, жергілікті департаменттерге жазбаша түрде арыз беру керек", - деп атап көрсетті Біртанов.

24 маусым 2019 ж. 1 774 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31