Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОО-лар лицензиясынан айырылуы мүмкін

ЖОО-лар лицензиясынан айырылуы мүмкін

Үкіметтің онлайн отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысы әрі қарай да жалғасатынын айтты.
Жоғары білім беруде кадрлар даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттарға ғана бөлініп, кәсіптік бағдарлау жұмысы күшейтіледі. Кәсіп стандарттары мен атластың негізінде жаңа бағдарламаларды әзірлеп енгіземіз, – деді ол.
Жоғары білімнің сапасын арттыру үшін педагогтарды, дәрігерлерді, заңгерлер мен сәулетшілерді даярлайтын университеттерге ерекше біліктілік талаптарын енгізеді.
«Академиялық адалдықты» бұзғаны және сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтары үшін лицензиядан айыруға дейін жауапкершілікті нормативтік-құқықтарға дейін бекітуді дайындадық. Сондай-ақ, мемлекеттік бақылау жөніндегі заңнамаға лицензиялау және тексеру тәртібін өзгерту, лицензияларды қайтарып алу рәсімін енгізу нормалары бойынша өзгерістер енгіземіз. Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмысын әрі қарай жалғастырамыз, – деп түсіндірді білім басшысы.
Министрдің сөзінше, колледждерге академиялық дербестік беріледі.
Бұл шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге мүмкіндік беріп, оқыту мерзімдерін қысқартып, білім сапасын арттырып, еңбек нарығына жылдам шығаруды қамтамасыз етеді, – деді Аймағамбетов.
syrboyi.kz
02 ақпан 2021 ж. 2 587 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031