Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт еңбекті еш етті

Өрт еңбекті еш етті

Бірнеше жыл қатарынан шетелдік азаматтар мен жергілікті тұрғындар бірлесіп, өзгеше кәсіпке кіріскен. Күн суытып, көлдер мұзға айналғаннан кейін айналасындағы қамысты орып, баулайды. Мұны кәсіп еткен тұрғындар өзге елге жөнелту үшін жұрт «Қауынбаз» атап кеткен қоймаға апарып тапсырады. Сонда нәпақа тауып келген азаматтардың сөзіне сенсек, шетелдіктер бауын 350 теңгеден қабылдайды. Қамыстың әр бауы шетелге 6 мың теңгеге бағаланатынын да естідік. Осылайша мезгілінде ондаған қазалылықты уақытша күнкөріспен қамтамасыз етіп отырған. Өкінішке орай, жексенбі күні Еуропаға жөнелтуге дайын тұрған Қауынбазда жиылған қамыстың күлі көкке ұшты.
Сол күні қыстан қалған ызғар қаттырақ болды. Желдің жылдамдығы адам ұшырып әкететіндей еді. Аудандық өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткенімен мұндайда алауды ауыздықтау мүмкін болмайтыны түсінікті. Дегенмен «ұрыста тұрыс жоққа» салып, көбік аралас су шашқаны бар. Бастысы өрттің етек жайып кетпеуіне, жанындағы ғимараттың аман қалуына күш салды. Ал қытымыр қыс бойы бір тиынын екеу қыламын деген кәсіпкердің орасан шығынға ұшырағаны дау­сыз. Мұны сонда апарып, қамыс өткізіп келген жұмысшылар да растап отыр.
– Қамыстан түсетін пайда мол. Мезгіл сайын шетелге мыңдаған бау материал тасиды. Бірақ биыл пайда көрмесі анық. Оның орнын толтыруға кеш. Қазіргі сәтте қашқан көлдерге су келіп, қамыс оруға адам аяғы жетпейді. Далалықта ауыз толтырып айтатын қор да қалмады. Шетелдік кәсіпкерлер кеткен есені келер жылы қайтаратындарын айтып отыр, – дейді Ықылас есімді азамат.
Қазіргі сәтте өрттің шығу себебін білу маңызды. Әлеуметтік желіде оқиғаға байланысты пікір қалдырған оқырмандардың «біреу қасақана жасады» деген сөзінің рас-өтірігін анықтау үшін аудандық төтенше жағдайлар қызметі материалдар жинауды бастап кетті.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
10 наурыз 2022 ж. 429 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 123

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031