Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өр мінезді өрт сөндірушілер

Өр мінезді өрт сөндірушілер

Жер жүзіндегі бүкіл ұйым мен бірлестік азаматтардың өмірін жақсарту мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмыс жасайтыны белгілі. Ал адамды өлімнен арашалауды Отан алдындағы борышы деп білетін, қауіп төнген сәтте жандарын шүберекке түйіп, апатпен арпалыса кететін мамандық иелері саусақпен санарлық. Біз айтқалы отырған Қазалы аудандық №4 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері осы тәуекелдердің барлығына да­йын екендіктерін әлдеқашан дәлелдеп үлгірген.
Әйтеке би кентіндегі өрт сөндіру бөлімі мен Қазалы қаласындағы өрт сөндіру бекетінде тәулігіне төрт ауы­сыммен жұмыс жасайтын жалпы саны 49 қызметкер бар. Кәсіби құрал-саймандармен жабдықталған бес техникамен қамтылған. Дабыл түскен жағдайда апатты нысанға жақын орналасқан бөлімшенің оғландары дереу жолға шығады. Тек қала ішіндегі нысандарға ғана емес, жақын маңдағы тас жол бойындағы барлық төтенше жағдайларға білек сыбана дайын отырады. «Әрбір минуттың бағасы қымбаттап тұрған осындай сәтте көшедегі қарапайым көліктер жол бермей біраз кедергі келтіреді», – дейді өрт сөндірушілер. Алайда көпшілігі жұмыстың қаншалықты маңызды екендігін түсініп, жолды босатып береді екен. Дабыл түскен сәтте бір минуттан кешікпей қызметтік көліктен табылатын олар оқиға орнына километраж бойынша мүмкіндігінше тезірек жетуге тырысады.
Өрт сөндіру бөлімінде өткен жылы 72 рет дабыл қағылған. Оның 29-ына өрт сөндіру бойынша шығыс жасалған. Ал биыл 50 дабылды қоңырау шалынған. Оның ішінде 14 өрт, 1 авариялық құтқару жұмысы және 35 өртке жатпайтын жану оқиғалары тіркелген. Өткен жылға қарағанда төтенше жағдайлар саны биыл әлдеқайда төмендеген. Бұл жағдайды өрт сөндіру қызметкерлері халыққа үгіт-насихаттың жоғары деңгейде жүргізгендігімен байланыстырады.
Мекеме басшысы Ғабит Ниеталиевтен озат өрт сөндіруші туралы сұрағанымызда, қызметкердің барлығы бірдей құрметке лайық екендігін айтты. Ал өрт оқиғаларын болдырмау үшін «Жылдың қай мезгілінде де өрттен абайлау қажет. Қыста ошақтан шығатын алаудан бөлек, улы газ да бөлінеді. Иістенудің алдын алу барысында пеш-ошақтарды жаңартып, қабырғада сызат болмауын қадағалау керек. Ал жаз мезгілінде күл-қоқысты өртеу барысында оны сөндіретін су да дайын болуы шарт. Қоқыс толық өртеніп кетпейінше бақылауда ұстау өрттің алдын алады. Сол сияқты тамақ дайындағанда және электр техникаларын қолданғанда қауіпсіздік шарттарын сақтау маңызды», – дейді.
Ғ.Қонысбайұлы басшылық ететін бөлім жылына жоспарлы түрде төрт мәрте оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Жоспардан тыс жасалатын тәжірибе сағаттары да жетерлік. Сол сияқты жыл сайын өрт сөндірушілер Қызылорда облысындағы кәсіби даярлық мектебінен дәріс алып, курс­тардан өтеді. Ағымдағы жылы бөлімнің 11 қызметкері шеберліктерін одан әрі шыңдап келіп, жұмыстарын жалғастыруда. Осыдан кейін №4 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері төтенше жағдайларды мұрындықтауға сақадай сай деуімізге толық негіз бар.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
13 тамыз 2018 ж. 3 337 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930