Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – ел тұғыры

Тәуелсіздік – ел тұғыры

Аудандық мәдениет орталығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты танымдық кеш өтті. Онда сахнадағы дөңгелек үстелге жайғасқан ардагер ұстаздар – Айзада Ешмаханова, Қадырбек Бекетов, Шарапат Алтынбаев «Жүзбе-жүз» кезеңі бойынша көрерменмен сыр бөлісті. Олар шынайы жүздесуде қандай ұстаз болғандығын баяндап, студенттік кездерінен естеліктер келтірді.
Сонымен қатар, бедел биігінен көрінудің басты себептеріне тоқталып, мұғалім бойындағы жақсы қасиеттер жайлы айтылды. Қаншама ізбасарларды тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген білім саласының майталмандары кез келген сынды дұрыс қабылдап, кек сақтамайтындарын жеткізді.
Келелі басқосу барысында оқушылар тарапынан «Болашаққа деген сеніміңіз», «Әттеген-ай осы кеште айтуым керек еді деген пікіріңіз бар ма?» сынды сауалдар қойылып, оларға тұшымды жауаптар алынды.
Тағылымды жиынды қорытындылаған Ж.Жабаев атындағы №234 мектебінің директоры Марат Әбдрашұлы және мектептің ардагерлер ұйымының төрайымы Райкүл Әбжаппарова жылы лебіздерін білдіріп, кеш қонақтарына сый-сияпаттарын ұсынды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.
14 желтоқсан 2017 ж. 3 407 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930