Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Акция аясындағы ән кеші

Акция аясындағы ән кеші

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы шеңберінде  Қазалы ауданындағы Қожабақы ауылдық мәдениет үйінде білім бөлімі кəсіподағы ұйымы мен №25 мектептің ұйымдастыруымен "Елге тағзым" акциясы аясында осы ауылда дүниеге келіп, қазір аудан мектептерінде ұстаздық қызмет жасап жүрген Анар Әділова мен Құралай Асаубаеваның шығармашылық ән кеші өтті.
Әуезді əнмен бейнеленген əсерлі кеште аудандық білім бөлімі кəсіподағы ұйымының төрағасы Ә.Роман жиналған жұртшылықты алда келе жатқан ҚР Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, оқушылары аудандық, облыстық шараларда түрлі жүлделерге ие болып жүрген Д.Нашен, Б.Мәмен, Г.Райымды   «Алғыс хатпен» марапаттады.
Әнсүйер елдің алдына өнер көрсетіп, туған елге деген перзенттік пейілін, ықыласын өнерімен жеткізген әншілерге ауыл халқы ризашылығын білдіріп, сый-сыяпат көрсетті.
https://kyzylorda-news.kz
12 желтоқсан 2017 ж. 1 535 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930