Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғаусыз алғысқа бөленген ақхалаттылар

Алғаусыз алғысқа бөленген ақхалаттылар

Киелі де, қасиетті Қазалы ауданында ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып, тұтастай бір отбасы ортақ саланы меңгеріп, оны абыроймен атқарып жүргендер баршылық. Олардың қатарында Айдар Шәкім мен Бағым Құлмағамбеттің де шаңырағы бар. Жастар ерлі-зайыпты атанғанына көп болмағанымен ақхалатты жандар ретінде халыққа қалтқысыз қызмет етуімен ерекшеленеді. Айдардың қарындасы Фариза Маратқызы да ауыр халдегі науқастарға ем-дом жасайтын медбике. Сондай-ақ Бағымның анасы Жеңіскүл Далиева да мейіркеш қызметін атқарып жүр. Бір қызығы, олардың барлығы теміржол ауруханасының қызметкерлері.
Айдар Маратұлы теміржол ауруханасының жедел жәрдем бригадасында фельдшер болса, Бағым Алдоңғарқызы теміржол емханасында аймақтық медбике ісімен айналысады. Фариза теміржол ауруханасының жансақтау бөлімінде медбикелік көмек көрсетеді.
– Медицина саласын таңдап, осыдан өмірлік нан тауып жеуді қалаған себебім анам Жеңіскүл Далиева теміржол емханасында аймақтық мейіркеш болуы еді. Бала кезден оның қалай халыққа жүйелі ем-дом жасайтынын көріп өстік. Қолының жеңілдігінен тез айыққандар алғысын жаудырып, батасын беретін. Бұған үй-ішімізбен марқайып қалатынбыз. Сондықтан ес білгелі осы саланы таңдаған болатынмын.
Қазір №6 жалпы аймақ тұрғындарының саулығын қадағалаймыз. Арайлым Балдақова аймақтық жалпы тәжірибелік дәрігер тапсырмасын орындап, күніне ауру диагнозына қарай тіркеуде тұрған 6-7 үйге барамын. Менен бөлек тағы фельдшер – Оңталап Әбдіразақ пен медбике – Күмісай Елдиева арнайы нұсқаумен халыққа қызмет етеді. Қарауымызда – 1680 тұрғын бар, – дейді Бағым Алдоңғарқызы.
Айдар Шәкім жастайынан дәрігер болуды аңсап, Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжіне "Емдеу ісі" бойынша фельдшер мамандығына құжат тапсырады. Ол мұнда дәрігерден кейінгі алғашқы көмекті қалай көрсету керектігіне қанығып шығады. №266 мектеп-лицейде жүргенде-ақ сынып белсендісі болған. Колледж қабырғасында да осы істі тоқтатпай, қоғамдық шараларға ­атсалысты. Медициналық оқу орнынан арнайы дипломын алып шыққан соң Қазақстан студенттер альянсының көшбасшысы болды. Көп ұзамай теміржол емханасында аймақтық фельдшер болып орналасты. Бір жыл тәжірибе жинап, жедел жәрдемде фельдшерлік қызметін атқарып келеді. Оның айтуынша, 4 бригадада Әмірхан Исламбек, Нұртас Кеңесов, Аманхан Қаршығаев және өзі 1 күн, 1 түн ауысыммен халыққа қалтқысыз көмек береді. Бір түнде 28-30 үйге шақырту жасалады. Негізі тұрақты 18-20 отбасына бару қажет. Бірақ індет кезінде 30-35 үйге дейін барып, алғашқы көмек көрсетілген. Қызмет кезінде жедел жәрдемдіктер басынан небір жайттар өтеді.
– Біздің қызметте әртүрлі жағдай болып тұрады. Мұндайда эмоцияға берілмей, салқын қандылық танытып, жедел шешім қабылдауға тиіспіз. Мәселен, бір сәт маған қатты әсер етті. Менің ауысымымда мүмкіндігі шектеулі жастың ата-анасы жедел жәрдем шақыртты. Лезде барғанымызда «Даунамен» сырқаттанатын науқасқа салқын тиіп, дене қызуы көтерілген себепті жедел жәрдемге жүгінгенін түсіндік. Үй жағдайында ем жасағанымен, оның жағдайы жақсармаған. Барлық алғашқы тексеру жұмысын жүргізіп, өкпесі қабынғанын анықтадым. Пульсопеометрия арқылы демалу сатурациясын бақылағанымда 68 процентке түскенін көрдім. Осылайша оны реанимацияға әкеліп жатқыздық. Ауруханада 22 күн ем алып, кейін Қызылордаға жіберілді. Бұлай ұзақ жатуының себебі – уақытылы дәрігерге көрінбей, дертін асқындырып алуында еді, – дейді Айдар Маратұлы.
Оның мәлімдеуінше, сау адамның дем алу деңгейі 95%-тен төмен болмауы тиіс екен.
Бүгінде Айдар мен Бағым Бексұлтан есімді балаларын тәрбиелеп отыр. Аудан тұрғындарының алғысын алған медицина саласының мамандары көпбалалы отбасына айналуды армандайды.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
15 қаңтар 2022 ж. 487 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 36

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 32

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930