Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ажалға араша тұрғандар

Ажалға араша тұрғандар

Қазалы теміржол ауруханасының жансақтау бөлімінде 14 адам, оның ішінде 4 дәрігер, 5 медбике мен 5 тазалықшы еңбек етеді. Ондағы ақ халаттылар күндіз-түні дамыл таппай қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жүргендер. Жансақтау бөлімінде емдеудің озық тәсілдерін енгізуге үнемі мән беріледі. Сонымен бірге, тәжірибелі дәрігерлер Бақытбек Төлегенов, Дастан Қалилаев, Аманқос Бекеев өз білгенін жас мамандарға үйретіп, ұжым ішіндегі ынтымаққа ұйытқы болуда.
Емдеуші дәрігер, белгілеген емді жүзеге асыратын медбике сырқатқа дертімен күресте жылы сөзі және қамқор көңілімен де дем береді. Осындай жансақтау бөлімінің аға медбикесі Елена Андреади, медбикелері Гүлсара Аханова, Ханшайым Сейтмамбет, Орынша Маханова, Айгерім Тұрсынаманова өз міндеттеріне адалдығымен жұрттың алғысына бөленіп келеді. Ал Мейрамкүл Нағашыбаева, Эльмира Баекеева, Рита Қазанғапова, Жазира Темірбаева, Рыскүл Жалғасбаева үнемі палата гигиенасын қадағалап, мұнтаздай ұстайтын тазалықшылар.
– Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Құбыл Ршымбетов біздің бөлімді үнемі назарында ұстайды. Мұнда озық медициналық аппараттармен және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағы жақсы жолға қойылған. Соңғы бес айда барлығы 240 ауыр науқас жансақтау бөліміне түсіп медициналық көмек алды, – дейді бөлім меңгерушісі Жасұлан Серікұлы.
Бөлім басшысы Жасұлан Серікұлы Қазалы ауданында 1978 жылы туып, Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектептен түлеп ұшты. 1995-2002 жылдары С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде оқып, хирург мамандығын алады. Жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмамдаған соң жолдамамен Қазалы теміржол ауруханасына хирург болып орналасады. Кейін қайта даярлау курсынан өтіп, жансақтау бөліміне анестизолог-реаниматолог қызметіне кіріседі. Біліктілігі мен білімінің арқасында көзге түскен Жасұланды басшылық 2009 жылы жансақтау бөлімінің меңгерушілігіне тағайындайды. Жауапты қызметті адал атқарып, кәсіби ұжым қалыптастырған Ж.Қуанышбаев бүгінде әріптестері арасында ғана емес, халық алдында да абыройлы жан. Содан да болар еңбегі лайықты бағаланып, облыстық денсаулық сақтау департаментінің Құрмет грамотасымен, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Бүгінде Қазалы теміржол ауруханасының жансақтау бөлімінде жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл бөлім Қазалы теміржол ауруханасының барлық бөлімдеріне анестезиологиялық, реанимациалық көмек көрсетеді. Бөлімше қызметкерлері медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістерін, анестезиологиялық құралдарды спиналдық, эпидуралдық анестезия, біріктірілген анестезия қолданады.
Аталған бөлімде кезек күттірмейтін ауруларға кәсіпті, қарқынды терапия жасалынады. Атап айтқанда, жүрек-тамыр жүйесіндегі тұрақсыз стенокардия, өткір миокард инфаргі, жүректің пароксизмалдық ырғақтығы мен өткізгіш қаупі сынды сырқаттар емделеді.
Ұйымшыл ұжым төл мерекелерін үлгілі еңбекпен қарсы алып отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


17 маусым 2018 ж. 2 167 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930