Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер шыңына өрлеген

Өнер шыңына өрлеген

Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің 2 Б сынып оқушысы Іңкәр Серікбаева республикалық «Жұлдыз болғым келеді» шығармашылық байқауында «Өлең оқу» номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сайыста Іңкәр Мұқағали Мақатевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқыды. Талантымен тәнті еткен бүлдіршін тыңдармандардың ықыласына бөленді. Мәнерлеп оқудағы шеберлігімен көзге түскен шәкіртті шыңдаған жетекшісі Бақыткүл Темірова.
Бақыткүл Қожабайқызы – бастауыш сынып мұғалімі. Жоғары санатты, жиырма бес жылдық еңбек өтілі бар. Ізденімпаз ұстаз аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2016» байқауының бас жүлдегері. Өнерге жақын ұстаз «Қорқыт сазы» ­фольклорлы-этнографиялық ансаблінің әншісі әрі аудан, ­облыс сахнасында көрермен көзайымына айналған.
Жаңартылған білім беру аясында оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған педагогикалық оқу байқауының жеңімпазы. Білім қызметкерлерінің «Наурыз шапағаты» фестивалінің бірнеше дүркін лауреаты. М.Ералиеваны еске алуға арналған «Сағынам» байқауы, Р.Бағланованың 85 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» өнер байқауының бас жүлдегері.
– Іңкәр мектептегі қоғамдық жүмыстарға белсене араласады. Әдебиет пәніне ерекше жақын. Ол қазақ ақындарының патриоттық өлеңдерін сүйіп оқиды. Жаттап, мәнерлеп оқып, мектеп сахнасында нақышына келтіре орындап жүр. Өлең оқығанда айналасын ұмытып, қолын сермеп, жан-дүниесімен беріледі. Ондай сәтте оны бөлмей, жымия, тыңдап отырамын. Шәкіртімнің болашағынан зор үміт күтемін. Біз бірге әлі талай асуды бағындырамыз, – дейді сынып жетекшісі Бақыткүл Темірова.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
16 желтоқсан 2021 ж. 495 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 75

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930