Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала жанының бағбаны

Бала жанының бағбаны

“Біздің апай керемет жан”, “Сынып жетекшіміз екінші анамыздай болып кеткен” бұл осыдан он жыл бұрын мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан қос құрбының жарыса жеткізген пікірі. Әңгіме ауаны мектеп кезіндегі қызықты сәттерді еске алуға ауысқан сәтте сыныптастардың жамыраса ұстаздары туралы жылы лебіздерін жеткізуі назарымды ерекше аударды. Олар сөз еткен жан – Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлболсын Бисенбай еді. Жуырда ұстаздар мерекесі қарсаңында білім беру саласында бірнеше жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстазбен кездесудің сәті түсті.
Ұлболсын Жақсылықызы Қазалы қаласының тумасы. Орта мектепті бітірген соң Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінде кіші ғылыми қызметкер, бақылаушы болып еңбек жолын бастады. Ол Ақтөбе қаласындағы педагогикалық институтты педагогика және психология пәндерінің оқытушысы және Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алды. Қазалы қаласындағы “Өрімтал” балабақшасында тәрбиеші, әдіскер қызметін атқарды. 1994 жылдың қараша айынан бастап Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданды. 1995 жылдың 20 қыркүйегінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2000 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып ауыстырылды. Мектеп психологы болды. 2013 жылдың сәуір айынан әлеуметтік педагог қызметін абыроймен атқарып келеді.
Әрқашан қоғамдық жұмыстардың басы-қасында жүріп, белсенділік танытатын жан 2013-2014 оқу жылында облыстық әлеуметтік педагогтардың бірлестік мүшесі, 2009 жылдан бері М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің ата-аналар комитетінің төрайымы қоғамдық жұмыстарын қоса атқарып келеді. Көп жылғы жеткен жетістіктерінің нәтижесінде аудандық, облыстық, республикалық, I халықаралық дәрежедегі марапаттауларға ие болды. Отбасында жары Қайратпен 2 қыз, 3 ұл бала тәрбиелеп отыр.
Отыз жылға жуық еңбек өтілі бар Ұлболсын Жақсылыққызының шәкірттері ұстаз мерейін үстем етіп жүр. 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық “Зерде” конкурсының облыстық кезеңінде жүлделі III орын иеленген 7 а сынып оқушысы Айжан Ержанова дипломмен марапатталды. Ұлы Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі XX Абай оқулары байқауының аудандық кезеңінде “Абайдың қара сөздері” номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуда III орынды 9 сынып оқушысы Шаһризада Келімбет иеленді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және латын әліпбиін уйрету, оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында “Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиін оқытудың тиімді жолдары” тақырыбындағы аудандық педагогикалық оқуда II орын иеленіп, мақтау қағазымен марапатталған. Аудандық “әл-Фарабиден Абайға дейін” тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда 10-сынып оқушысы Әділбек Мұхаммед II орын иеленді. Аудандық эссе байқауында 10 сынып оқушысы Салтанат Рзаева бірінші орын алды.
Ұлболсын Бисенбайдың республикалық “Мектептегі психология “ғылыми әдістемелік журналға мақаласы жарияланып, Алғыс хатпен марапатталды. 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы шығармашылық ізденістер» тақырыбындағы әдістемелік оқу құралы облыс көлемінде таратылды. Аудандық семинарларда Жаңартылған білім: Ізденіс. Тәжірибе тақырыбындағы «Айтуға оңай» ток-шоуы, мектептің 80 жылдығымен орайластыра ұйымдастырған Абайдың 175 жылдығына арналған “Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі” тақырыбындағы “Абай педагогикасы” атты аудандық TED форматындағы ашық пікір алаңы әріптестер тарапынан өте жақсы бағаланды.
Ізденімпаз ұстаздың жетістіктері жетерлік. Соңғы бір жыл ішінде аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің, Облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарованың Алғыс хаты және облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
– Ұстаз болу – жүректің батырлығы деп айтып жатады. Бұл сөздің мағынасы терең. Әрбір шәкірттің жүрегіне жол тауып, ойындағысын дөп басу мұғалімнің парызы деп білемін. Мен мұғаліммін – бақыттымын, себебі, мені асыға күтетін оқушыларым бар. Оларды көрген сәтте күйбең тіршіліктегі келеңсіздіктердің бәрі ұмыт қалады. Бақытты сәт деген осы болар бәлкім, – деп жүрекжарды пікірін жеткізді Ұлболсын ұстаз.
Ұлбослын ТАЛАПБАЕВА

03 қазан 2020 ж. 742 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930