Өндірісі – өрісті, тіршілігі – келісті
Ала жаздай Жер-Ананы баптап, еңбектенген шаруаның көңілі шат, жүзі жайраң. Дала төсін тынымсыз дүбірлеткен молшылық мерекесін Сыр жұрты биыл да толымды табыспен қарсы алды. Бұл жаттанды сөз, дәстүрлі дерек емес. Себебі алғаш рет еңбеккерлер үлкен қиындықпен бетпе-бет келді. «Сырдың суы сирақтан келген» тұста бар үміті мен үлесін қосқан малшылар мен егіншілер маусымда жүйелі жоспар, тыңғылықты тірлік, ауызбіршілік пен жиған тәжірибелерін ортаға салды. Сындарлы шақта құрғақшылық пен өзге де қиындықтарға ұшыраған ағайында «Енді қалай болар екен? Ел-жұрт азықтан тарылса не болады?» деген алаң көңіл болғаны жасырын емес. Алайда тер, еткен еңбек текке кетпеді. Шаруалар мал басын аман алып, өрісті өрістетті, егінжайдағылар өнімдерін жемісті етті.
Ешкімге оңай соққан жоқ
Тоқшылық тартуын қорытындылаған аудан 17 090 гектар жерге егін екті. Олардың 6847 гектары дәнді дақылдар болса, 55 гектарын майлы дақылдар құрайды. Бақша өнімдері 2250 гектарды көрсетсе, 7938 гектар жерге мал азықтық дақылдар күтіп-бапталған. Ел ырысына баланатын негізгі дақыл – күріш 6587 гектар алқапқа орналастырылған.
Үстіміздегі жылы орын алған қуаңшылық пен Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты межеленген егіс көлемі 595 га кем орындалған. Жаздық бидай 340 га, мақсары дақылы 70 га, сүрлемдік жүгері 135 гектар және күріш дақылы 50 гектар. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы орын алған құрғақшылықпен су тапшылығы салдарынан 126 гектар бидай, 17 гектар мақсары, 1860 гектар ескі жоңышқа және 924 гектар жаңа жоңышқа егісіне мүлде орақ түспеген.
Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан кепілді бағамен барлығы 1070 тонна дизель отыны босатылған.
Егінші – мәрт, жер – жомарт
Жауын-шашынның түспеуі, Сырдария өзені су көлемінің күрт кемуіне қарамастан, аудан бойынша егін жинау жұмыстары өз уақытында толығымен аяқталған.
Жаздық бидайдан 43 тонна өнім алынса, 13 тонна мақсары орылған. Ескі жоңышқа дақылының 2430 гектар екі рет орылып, барлығы 5827 тонна жоңышқа шөбі дайындалған. 600 гектар сүрлемдік жүгері дақылынан барлығы 5082 тонна өнім алынып, орта өнім 84,7 центнерді көрсеткен.
Сондай-ақ, картоп, көкөніс, бақша, мақсары тары және күнбағыс дақылдары толығымен жиналып, алынған өнімдер өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары болған. 12241 тонна көкөніске қол жеткізіліп, 15 466 тонна бақша дақылдары жиылып-терілген.
Егілген, 6587 гектар күріш дақылынан қоймаға барлығы 29 556 тонна сыр салысы құйылған.
Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбай: «Биылғы жылды аудан жақсы нәтижемен қорытындылады. Негізгі дақыл күріш егісінен өткен жылмен салыстырғанда гектар түсімі 4 центнерге арттық жиналды. Бұл мынандай қысылтаяң шақта үлкен жетістікке баланып отыр. 44,9-дан орта өнім айналып отыр», – дейді.
Егістік басында тоқтаусыз жұмыс істеп, піскен өнімді шашпай-төкпей жинауда ауыл шаруашылығы көліктері мен құрылғылары да маңызды. Науқанға 42 дана комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 дана жүк көлігі мен 56 трактор тіркемесі қамтылған. Егін орағына қатысқан жатка мен комбайынның 22 данасы шетелдік жоғары өнімді, сапалы, заманауи техникалар. Олардың 8-і «Джон-Дир», 7-уі «Класс» маркалы болса 7-уі жаңа «Магдон» қуатты көлігі.
Еңбектің наны
Өткен аптада ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің дәстүрлі «Алтын дән – 2021» мерекесінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақ дамуына үлес қосып, сапалы өнім жиып, жақсы жетістікке жеткен мақтаулы мамандарды марапаттады.
Гүлшара Наушақызы өтпелі қиындықтарға қарамай, ел қамбасын қомдап, мал маңдатқан шаруаға алғысын жеткізіп, ізетін білдірді.
«Облыс диқандары биылғы вегетация кезінде су тапшылығы және басқа да қиындықтарды еңсере отырып, аянбай еткен еңбектері арқасында 500 мың тоннаға жуық Сыр күріші ел қамбасына құйылды. Ауа райының ыстығына, суармалы су тапшылығына қарамастан, маңдай терін төгіп, адал еңбектің үлгісін көрсеткен диқандарымызға қандай мадақ айтсақ та жарасады», – деді сөзінде.
Жиында аймақ басшысы көпшілікті толғандырған түйінді түйіткіл – Сырдария өзені жағдайына да тоқталды. Бұл бағытта қолға алынған, алда атқарылатын жұмыстармен де бөлісті.
Салтанатты шарада Қазалы ауданы өңдеу саласы бойынша «Озат аудан» номинациясына ие болды. Бұл күні Қармашқы ауданы «Үздік аудан» деп танылса, егін шаруашылығынан Шиелі, мал шарауашылығынан Жаңақорған аудандары алдыңғылар қатарынан көрінді.
Биылғы жылғы орын алған су тапшылығы жағдайында 17 мың гектар егісті сумен қамтамасыз етуде ұйыдастырушылық пен біліктілік танытқаны «Қазсушар» өндірістік учаскесінің жетекші маманы Жаңабай Садық «Озат гидротехник» атанды. Егін ору науқаны кезінде 1610 гектар күрішті жалға салған «Агро – Өркен» ЖШС-ның жаткисі Аралбек Імадатов «Озат жатка машинисі» атанып, аудан абыройын асқақтатты. Марапат иелерінің жанарынан шаршамағанға бақыт бас иетінін ұғынып, «Еңбектің наны тәтті» екенін тағы бір есімізге алдық.
Арзан баға, сапалы азық-түлік
Бүгінгі күннің басты проблемасының біріне айналған бағадағы тұрақсыздық пен қымбатшылық жергілікті жұртшылықтың отбасылық бюджетіне салқынын тигізбей қоймады. Әсіресе күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің асқақтауы титықтатуда. Осы орайда халыққа тиімді жол ұсынған жәрмеңкелер өткізу үрдісі облыста жалғасын табуда.
«Алтын дән – 2021» салтанатты шарасы аясында Қызылорда қаласы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы Ғ.Мұратбаев пен Қ.Яссауи көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Облыс жұртшылығы мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынған қазалылықтардың көш түзеген 50-ден астам көлігі 120 тоннадан артық ауыл шаруашылығы өнімдерімен жеткізді.
Жәрмеңкеде ауданнан 12 тонна күріш, 60 тоннадан астам көкөніс, 3 тонна сүт, 10 тонна балық өнімдері саудаланды. Нарық бағасынан 10-15 процентке төмен сатылған өнімдерге сұраныс пен ықылас танытқандар қатары көп болды.
«Қызылорда қаласының тұрғынымын. Осындай күз айларында жәрмеңкелер өтіп тұрады. Бағасы арзан. Қалтаны қақпайды. Бұл өте тиімді. Тек жылына бір рет қана емес, жыл бойы өткізілу жоспарланса екен», – дейді зейнеткер Мейрамкүл Қалижан.
Қазалының кәмпиті, «РЗА»-ның сүт, айранын дастарқанынан үзбейтін Бақыт Есжанова өзі іздеген заттармен бірге күріш, асқабақ, балық алғанын мақтана жеткізді.

Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ