Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Егін алқаптарын аралады

Егін алқаптарын аралады

Су – тіршілік нәрі. Оның егілген дақылдардың пісу дәуіріне дейін жеткілікті болғаны абзал. Алайда, Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты аймағымызда биыл жазғы маусымда аяқсу тапшылығы орын алып отыр. Бұл жерден ырзығын терген диқандар қауымына біршама қиындық келтіруде.
Осы мәселеге байланысты жуырда аудан әкімі М.Ергешбаев сала басшыларымен және су шаруашылығы мамандарымен бірге Ә.Тыныбаев атындағы су торабында болды. Іргелі нысанның тыныс-тіршілігімен танысып, жоғарыдан келген судың босатылу жағдайымен танысты. Бұдан әрі шаруашылықтардағы күріштік алқапты аралап, егінжайдың жай-күйіне қанықты.
Қазалы ауданы бойынша 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары барлығы 17 790 гектар жерді қамтыған. Оның ішінде күріш – 6800 гектар, дәнді дақылдар – 7477 гектар, мал азықтық дақылдары – 7422 гектар жерге себілген. Ал, картоп, көкөніс, бақша – 2250 гектар, майлы дақылдар – 641 гектар жерге егілген.
Аталған ауыл шаруашылығы дақылдарын судан қалдырмау – жауапты міндет.
Егіншілермен жүздескен аудан басшысы алдағы уақытта да тиісті сала мамандарымен ақылдаса отырып, өсірілген егісті су тапшылығынан аман алып қалуға байланысты бірлескен жұмыстар қатаң бақылауда ұстала беретінін жеткізді.
С.БАХИЕВ
07 тамыз 2018 ж. 1 401 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 56

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031