Қазалылықтар сенбілікке шықты
Сенбілік кезінде аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр, Әйтеке би, В.Счастнов, М.Шоқай, С.Сейфуллин, Қ.Сәтпаев көшелері мен аудан әкімдігі ғимаратының алды, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығын («Ақарық» каналынан бастап аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің аралығы) тазалап, 850 шаршы метр тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Бұл көшелердегі аяқ су арықтары да тазартылды.
Дәл осындай жұмыстар Қазалы қаласы мен ауылдық округтерде де ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары белсене қатысты.Қазіргі таңда әлемді әбіргерге салған аты жаман аурудың алдын алу үшін аулаларда, көшелерде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Осыны ескеріп, біз аудан тұрғындарынан аулалар мен көшелерді таза ұстауға шақырамыз. Тазалық – денсаулықтың басты кепілі екенін естен шығармайық!
"Қазалы" ақпарат