Білімді жаңарту – мақсатымыз

Бұл білім саласы басты назарда екенін көрсетсе керек. Әсіресе, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды ерекше ықыласпен қабылдады. Бұл шара олардың еңбегінің беделін көтереді және кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдіруге ынталандырады. Президент осы мақсатта биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу керектігін айтты. Мұғалімнің әлеуметтік жағдайының жақсаруы – білімді оқушы, білікті мамандарды даярлаудың алғышарты. Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет.
Э. АҚНИЯЗОВА