Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы шын мұқтаждардың әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатқанын сынға алды

Мемлекет басшысы шын мұқтаждардың әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатқанын сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шын мұқтаж жандар әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатқанын мәлімдеді.

"Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету – басты міндеттердің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заңнын және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар мемлекеттен ала берсем деген көзқарас қалыптастырды. Шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр. Әрине, еліміздің мүмкіндіктері зор, бірақ оның да шегі бар", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Мемлекет басшысының сөзінше, әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады.

"Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс. Дайындалып жатқан Әлеуметтік кодексте осындай мәселелерге барынша назар аудару керек", – деді ол.
01 қыркүйек 2021 ж. 620 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930